Германия Украинаны қолдайтынын, бірақ әлі де Taurus зымырандарын жеткізбейтінін айтты
ГФР Қорғаныс министрі Борис Писториус өзінің украиналық әріптесі Рустем Умеровпен Киевте кездесуінде 1,3 миллиард еуроға жаңа әскери көмек пакеті туралы мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Германияның қорғаныс министірлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әскери көмек пакетіне IRIS - T SLM төрт әуе қорғаныс жүйесі және 20 мың 155 мм артиллериялық снаряд кіреді. Германия толыққанды соғыс басталғаннан кейін үшінші рет Украинаға IRIS-T әуе қорғаныс жүйелерін бөліп отыр.
Германия Украинаға 12 IRIS - T әуе қорғанысы жүйесін жеткізуді жоспарлап отыр, үш жүйе жеткізілді, төртіншісі осы қыста жіберіледі. Тағы төрт әуе қорғанысы жүйесі 2024 жылы беріледі.
Сондай-ақ, көмек пакетіне 60 барлау дроны, дрондармен күресу үшін 20-дан астам радар және танкке қарсы миналар кіреді.