Йемендік хуситтер Израиль кемелерінің бірін басып алды

Тұтқынға 25 экипаж мүшесі алынды

Ануар Маратов
20/11/2023 - 15:49

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Йемендік хуситтер Қызыл теңіздегі Израиль кемелерінің бірін басып алды, тұтқынға 25 экипаж мүшесі алынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Йемендік хуситтер Қызыл теңіздегі израильдік жүк кемесін басып алып, оны Йемен жағалауына сүйреп апарды. Израиль қорғаныс армиясы басып алуды «жаһандық ауқымдағы оқиға» деп атады. Йемендік «Аңсар Аллаһ» тобының өкілдері өздерінің күштерінің қолы жететін аймақтағы израильдік кемелердің бәріне шабуыл жасаймыз деп қорқытып отыр.

Galaxy Leader жүк кемесін басып алғаны туралы 19 қараша күні белгілі болды. Бұл туралы Йемен қарулы күштері өздерінің Telegram арнасында хабарлады.

Израиль Қорғаныс Күштері (IDF) Galaxy Leader-ді хуситтер басып алғаны туралы ақпаратты растады және шабуылды «жаһандық ауқымдағы өте ауыр оқиға» деп атады. IDF атап өткендей, кеме бортында израильдіктер жоқ, ал кемені халықаралық экипаж басқарады. Кеме Түркиядан Үндістанға қарай жүрді. Оның бортында 25 адам — Украина, Болгария, Филиппин және Мексика азаматтары болды.

Сондай-ақ, 19 қарашада Йемен Қарулы Күштерінің Telegram арнасында Израиль кемелерін басып алу қаупі туралы хабарлама жарияланғанын атап өтейік.

Тегтер

×

Редакция

$ 524.65  552.19  5.14