Израиль мен ХАМАС тұтқындарды алмасуы мүмкін

Шенеуніктер 239 израильдікті Газа секторындағы ХАМАС тұтқында ұстап отыр деп мәлімдеді

Ануар Маратов
15/11/2023 - 18:07

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Сейсенбіде Израильдің кепілге алынған адамдарды босату туралы келісімде ілгерілеушілік бар екенін және қозғалыс алдағы 48-72 сағатта болуы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ABC news басылымына сілтем жасап хабарлайды.

Израиль әскери кабинеті сейсенбі күні кешке келісімді талқылау үшін жиналды, деп хабарлады дереккөз.

Шенеуніктер 239 израильдікті Газа секторындағы ХАМАС тұтқында ұстап отыр деп мәлімдеді.

Айта кетейік, екі тарап арасындағы қақтығыс 7 қазан күні таңертең басталды. Бүгінге дейін қос тарап мыңдаған адамынан айырылды. Олардың басым бөлігі – бейбіт тұрғындар.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22