Буркина-Фасо елінде ауылға жасалған шабуылдан 70 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 5 қараша күні болған

Sarbaz.kz редакторы
14/11/2023 - 22:11

Фото: AFP

Фото: AFP

Буркина-Фасо еліндегі Заонго ауылына жасалған шабуылда кем дегенде 70 адам қаза болды. Олардың басым бөлігі – балалар мен қарттар. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Dw.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 5 қараша күні болған. Елдің солтүстік бөлігіндегі елді мекенге нақты кім шабуыл жасағаны әлі белгісіз. Еуропалық Одақ пен АҚШ билігі Буркина-Фасо үкіметін шабуылдың барлық жағдайларын анықтау мақсатында тергеуге шақырды. Жергілікті тұрғындардың бірі бұл шабуыл аймақтағы қауіпсіздік күштері мен террористер арасындағы шайқастан екі күн өткен соң болғанын айтты.

Буркина-Фасо-өткен жылы екі әскери төңкеріс болған әлемдегі жағдайы төмен мемлекеттердің бірі. 2015 жылдан бері шабуылдардан барлығы 17 мыңнан астам адам қаза тауып, екі миллион адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85