Түрік Қарулы күштері 12 террорлық нысанды жойды

Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі террормен күрес операциялары туралы мәлімдеме жасады

Админ
09/11/2023 - 16:22

Фото: TRT

Фото: TRT

Ирактың солтүстігінде Гара және Кандилге бағытталған әуе операцияларында PKK/KCK террористік ұйымына тиесілі ішінде лаңкестер бар 12 нысан жойылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz TRT агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде PKK/KCK және басқа террористтерді залалсыздандырып, Ирактың солтүстігінен Түркияға және қауіпсіздік күштеріне бағытталған террор шабуылының алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әуе операциясы жасалғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде әуе операциясының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-ші бабынан туындайтын өзін-өзі қорғау құқықғына сәйкес орындалғаны баса айтылды. 

“Кеше Түркия уақытымен сағат 18.00-де Гара мен Кандил аймақтарында террор нысандарына әуе операциясы жасалды. «Операциямен бөлшектеуші террор ұйымы пайдаланған және ішінде террористтер бар үңгір, бункер, баспана мен қоймалардан тұратын 12 нысан жойылды. Жасалған операцияларда отандық оқ-дәрілер барынша қолданылып, көптеген террорист залалсыздандырылды. Ұлтымыздың жүрегінен шыққан Түрік Қарулы күштері бірде-бір террорист қалмайынша, бұрынғыдай еліміз бен ұлтымыздың амандығы мен қауіпсіздігі үшін терроризмге қарсы табандылықпен күресуін жалғастырады. Бұл операциялар барысында жазықсыз бейбіт тұрғындарға, тарихи-мәдени құндылықтарға және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін барлық сақтық шаралары қабылданды”, – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар министрлік Сирияның солтүстігінде 4 PKK/YPG-лік террорист залалсыздандырылғанын хабарлады.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85