Изариль неліктен БҰҰ-ның атысты тоқтау туралы резолюциясына бағынбай отыр?

Израиль Сыртқы істер министрлігінің өкілі түсініктеме берді

Sarbaz.kz редакторы
07/11/2023 - 18:43

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Израиль Сыртқы істер министрлігі Еуразия және Балқан мәселелері жөніндегі бас директорының орынбасары Симона Гальперин Астанадағы бирифингіде БҰҰ-ның атысты тоқтату туралы резолюциясы неге орындалмай жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Изариль неге БҰҰ-ның атысты тоқтау туралы резолюциясына бағынбай отыр? Оны тіпті масқара резолюция деп мәлімдегендер болды ғой», - деп сұрады журналист.

«Мен өте айқын, нақты әрі тура айтқым келеді. Атыс ХАМАС-тың көзі толықтай жойылғанша тоқтамайды. Бұл өте қарапайым. Өзіңді жойғысы келетіндеге қарсы оқ атуды тоқтату үмкін емес. Олар ол жерде болмауы керек. ХАМАС көшбасшылары, бәрі Газада қалмағанда ғана оқ тоқтайды», - деді Симона Гальперин.

Сондай-ақ ол Израильдегі мұсылмандардың үлес салмағы туралы дерек келтірді.

«Израильдегі халықтың 20 пайызы негізінен арабтар. 2-3 пайызы ғана христиан бар. Тек заң бойынша ғана емес, мемлекетте, ауруханаларда, мектептерде жұмыс істейтіндердің арасындағы үлесі 10 пайыздан жоғары. Біздегі саясат азшылық қауымдарға мемлекет жұмысына кіруде керісінше басымдық береді. Яғни, керісінше оларды қолдайтын, көмектесетін арнайы бағдарламалар бар», - деді Израиль СІМ өкілі.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91