Қырымдағы кеме жасау зауытына жасалған зымыран соққысының жаңа фотосуреттері жарияланды

Нысанға үлкен зақым келген

Ануар Маратов
07/11/2023 - 17:23

Украиналық телеграм каналдар 4 қарашадағы Керчь кеме жасау зауытына зымыран соққысының жаңа фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Фотосүреттерде 22800 «Каракурт» жобасының шағын зымыран кемесінің айтарлықтай зақымданғаны анық көрінеді.

Бұған дейін біз осы зауытқа зымыран соққысының салдарының спутниктік суреттері жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Осылайша, бұл зауыттарда орналасқан Ресей Федерациясының Қара теңіз флотының кемелеріне екінші рет соққы беріліп отыр және мұндай соққыларда кемеге үлкен зақым келтірудің үшінші жағдайы тіркелді.

Айта кетейік, 13 қыркүйекте Севастопольдегі кеме жөндеу зауытына SCALP-EG/Storm Shadow зымырандарының көмегімен жасалған шабуыл кезінде «Ростов-на-Дону» сүңгуір қайығы мен «Минск» үлкен десанттық кемесі қатты зақымданды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41