«Ресейдің кем дегенде 150 мың адамы қаза тапты»: Украинаның бас қолбасшысы даулы сұхбат берді

Украина Армиясының Бас қолбасшысының жанжалды сұхбаты және Украина билігінің реакциясы

Ануар Маратов
06/11/2023 - 22:26

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ресеймен соғыс тығырыққа тірелді және одан шығу үшін үлкен технологиялық серпіліс қажет болады, ал бұл екіталай. Бұл туралы генерал Валерий Залужный британиялық The Economist басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

The Economist атап өткендей, бес айға созылған қарсы шабуылда Украина майдан шебін небәрі 17 шақырымға жылжыта алды және оның алға жылжуы Батыстың Ресейді басып алған территориялардан тиімді түрде ығыстыруы Владимир Путинді соғыста жеңіске жете алмайды деп сендіреді және оны келіссөздер жүргізуге мәжбүр етеді деген үмітін үзді.

Залужный өз сөзінде Ресей әскерінің шығынға ұшырауы соғыс қимылдарын тоқтатуына жеткізеді деген болжамы қате болғанын айтып өтті.

«Бұл менің қателігім болды. Ресейдің кем дегенде 150 мың адамы қаза тапты. Кез келген басқа ел мұндай жағдайда соғысты тоқтатар еді», – деді ол.

Залужныйдың айтуынша, жақын арада болуы мүмкін технологиялық серпіліс белгілері болмағандықтан, Украина ұзақ позициялық соғысқа батып кеткен сияқты. Мұндай соғыс Ресейге қорғаныс әлеуетін жақсартуға және ұзақ уақыт бойы қару-жарақ, техника мен оқ-дәрілерде басымдыққа ие болуға мүмкіндік береді. Алайда, ол Украинаның ары қарай жалғастырудан басқа амалы жоқ екенін, тіпті күніне бірнеше метр жүрсе де, алға жылжуды жалғастыра беретінін баса айтты, өйткені ең үлкен қауіп – траншеяларда ұзаққа қалып қою.

Залужный украин резервшілерінің тапшылығын ерекше айтты және жұмылдырылатын азаматтар санатын кеңейтуді ұсынады. Генерал украиндардың соғыстан жалтаруына мүмкіндік беретін заңдағы «олқылықтарға» назаланды.

Естеріңізге сала кетейік, Time мәліметтері бойынша, жұмылдырылған украин сарбазының орташа жасы 43-ке жетті.

Сұхбаттан кейін көп ұзамай президент кеңсесі басшысының орынбасары Игорь Жовква Залужныйды тығырыққа тірелгені туралы сұхбаты үшін сынға алды. Жовкваның айтуынша, Залужныйдың мақаласы Батыс елдерінің басшыларында «дүрбелең» тудырды.

«Бұл қиын жағдай емес. Ресей аспанды басқарады. Біз өз әскерімізді сақтаймыз. Ресей секілді өз адамдарын ет сияқты лақтыруды ешкім қаламайды. Мұны қалай жеңуге болады? F-16, жігіттер (қазіргі уақытта F-16 ұшақтарына үйреніп жатқан ұшқыштар) қайтып келгенін күту керек. Майданда Әуе қорғанысы болған кезде әскерилер алға жылжып, техниканы қолданады», - деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Залужныйдың сұхбатынан кейін көп ұзамай Украинаның арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы ауыстырылды. Бұл қызметте Сергей Лупанчук Виктор Хоренконың орнына келді.

Виктор Хоренко «Украинская правда» басылымына берген сұхбатында қызметінен не себепті босатылғаны өзіне беймәлім күйде қалғанын айтты.

«Шынымды айтайын, қызметімнен босатылғаным туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан білдім. Бас қолбасшымен (Валерий Залужный) сөйлестім, ол маған да түсіндіре алмады. Бас қолбасшы тиісті өкілдік беруі керек еді, бірақ ол маған олай жасамады деп жауап берді. Мен не болғанын білмеймін», - деді Хоренко.

Алайда, көптеген сарапшылар мұны Залужныйдың сұхбатымен және Украина президенті мен Украинаның қарулы күштерінің Бас штабының басшысы арасындағы шиеленістің себебімен байланыстырады.

Тегтер

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02