Иордания Газа секторына парашют арқылы гуманитралық көмек жеткізді

Иордания патшасы Газа секторына медициналық көмек жеткізілгені туралы хабар берді

Ануар Маратов
06/11/2023 - 15:57

Иордания патшасы Абдалла II Х әлеуметтік желісінде Иордания әуе күштері Газа секторындағы Иордания далалық ауруханасына жедел медициналық көмек көрсету үшін парашютпен жүк жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Біздің ержүрек әуе күштеріміз түн ортасында Газа секторындағы далалық ауруханасына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жүк жеткізді. Газа соғысында зардап шеккен бауырларымызға көмектесу – біздің міндетіміз. Біз әрқашан палестиналық бауырларымыздың жанынан табыламыз», - дейді патша.

Иорданиядан Газа секторына медициналық көмек Израильмен келісе отырып және оның мақұлдауымен жүргілізгені туралы Израильдің жоғары лауазымды қызметкері Walla порталына айтты.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07