Дағыстанда ашуланған жұрт әуежайдан израильдіктерді іздеді

Олар ұшу-қону жолағына шығып, жаңа рейстерден Израиль азаматтарын іздеді

Sarbaz.kz редакторы
30/10/2023 - 15:59

Өткен түнде Махачкала қаласында жергілікті тұрғындар Тель-Авивтен рейс келгенін естіп, әуежайдың ұшу-қону жолағына шығып, Израиль азаматтарын іздеген. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жексенбі күні түстен кейін Дағыстанның телеграм каналдарында Тель-Авивтен қонатын рейсте израильдік босқындар келуі тиіс деген хабарламалар тарала бастады. Көп ұзамай жергілікті тұрғындар Махачкала әуежайына жинала бастады. Кейбірі Палестина жалауларымен келген.

«Тут Дагестан» телеграм-каналы жазғандай, Израиль азаматтарын іздеуге жиналған наразылық білдірушілер алғашында әуежай ғимаратынан шыққан жолаушылардан құжаттарын талап еткен. Көп ұзамай көпшілік ғимаратқа басып кіріпті.

Тәртіп бұзған қалың топ Махачкала әуежайындағы әр бөлмені тінтіп тексерген. Тіпті жаңа қонған ұшақтардың ішіне кіруге талпынған. Ал жолаушылар ұшақ есігін жауып үлгеріпті.

Мәліметтерге сүйенсек, «Тель-Авив – Махачкала» бағытындағы ұшақ әуежайға қона алмаған деседі.

Қазіргі уақытта әуежайды басып алуға талпынғандар қолға түсті. Жергілікті билік оларды заң жүзінде жазалайтынын мәлімдеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22