ХАМАС саяси бюро басшысы Израильге қарсы әскери қимылдарын жалғастыратынын мәлімдеді

Исмаил Хания Израиль аумағындағы шабуылдарды күшейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті

Нұрдәулет Кәкіш
27/10/2023 - 17:59

Фото: Los Angeles Times

Фото: Los Angeles Times

ХАМАС қозғалысының саяси бюро басшысы Исмаил Хания Израиль қарулы күштеріне әлі де қарсы тұрып, әскери қимылдарын жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz «әл-Жазира» телеарнасына сілтеме жасап.

«Әл-Жазираның» хабарлауынша, Хания телеарнада ХАМАС-тың Газа секторын қорғауда жақсы жұмыс жүргізіп жатқанын және Израиль аумағындағы шабуылдарды күшейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Израильмен қақтығыс туралы сөз еткен Хания өздерінің бүкіл аймақты тұрақсыздандыруға қабілетті екендіктерін айтты.

Хания одақтас әрі бауырлас елдерді жан-жақтан Израильге қысым көрсетуге және Газаға қарсы израильдік әскери операцияларды тоқтатуға көмек көрсетуге шақырды. Сондай-ақ ол Египеттен гуманитарлық көмек жеткізу қажеттігін мәлімдеді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85