Табылған USB дискіде нұсқаулық цианидті қолдану туралы әл-Каида материалдары болған
Израиль президенті Исаак Херцог Sky News-ке берген сұхбатында қайтыс болған ХАМАС содырының денесінде химиялық қаруды өндіру және қолдану бойынша нұсқаулық табылғанын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
Херцогтың айтуынша, ХАМАС содырынан табылған USB дискіде нұсқаулық цианидті қолдану туралы әл-Каида материалдары (ұйымға көптеген елдерде тыйым салынған) болған.
Флэш карта 7 қазан күні ХАМАС содырлары ондаған адамды өлтіріп, кепілге алынған адамдарды тұтқындаған кибуц Бэериден табылған.
«Біз «Ислам мемлекетімен», әл-Каида және ХАМАС-пен ұшырасып отырмыз. Бұл материалдарда химиялық қаруды өндіру бойынша нұсқаулықтар бар. Онда өртеу, химиялық қаруды жасау үшін қолданылатын әртүрлі химиялық заттардың бары белгілі болды», - деді Херцог.