Өзбекстан Қырғызстанға екі әскери тікұшақ берді

Садыр Жапаров Өзбекстан президентіне алғыс білдірді

Sarbaz.kz редакторы
23/10/2023 - 16:28

Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстанның әскери-әуе кемелерінің паркі екі жауынгерлік тікұшақпен толықтырылды. Әуе кемелері Өзбекстаннан жеткізілді. Бұл туралы елдің президенті Садыр Жапаров мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Sputnik.kg-ға сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылы Қырғызстанға Өзбекстан Республикасынан өтеусіз көмек ретінде Ми-8МТВ тікұшағы берілді. Ал Қырғызстан Өзбекстанға күрделі жөндеуден өткізу үшін өзге Ми-8МТВ тікұшағын тапсырды.

Жақында Өзбекстанның тиісті құрылымдары тікұшақтың толық жөнделгенін және жабдықталғанын хабарлады. Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің мамандары әуе кемесін қабылдап, оны Чирчик-Ош, Ош-Бішкек бағыты бойынша жеткізіп, жұмыс істеуге толық дайын екенін хабарлады.

«Мұның бәрі, әрине Өзбекстан президенті, құрметті Шавкат Мирзиеевтің қолдауымен және бақылауымен мүмкін болды. Осыған байланысты Шавкат Миромоновичке алғысымды білдіремін», — деп жазды Жапаров.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16