Шенеуніктер 685 метрлік туннельде нақты қанша техника мен адам барын болжай алмай отыр
Оңтүстік Кореяның орталық Чхонджу қаласындағы су басқан туннельден құтқарушылар 13 адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушылар су басқан туннельде жұмысын жалғастыруда, қаза тапқандардың жалпы саны әлі белгісіз. Жалпы өткен аптада басталған су тасқынынан кем дегенде 39 адам қаза тапты.
Сенбіге қараған түні өзен арнасынан ағылған тасқын су жер асты өткеліне төгіліп, көліктер мен автобустар батып қалған. Шенеуніктер 685 метрлік туннельде нақты қанша техника мен адам барын болжай алмай отыр. Бірақ 15 көлік бар екені анық.
«Оңтүстік Корея сенбіден бастап көшкін мен су тасқынына ұласқан қатты жаңбырдан біраз зардап шекті. Дүйсенбі күні таңертеңгі ақпарат бойынша, кем дегенде тоғыз адам демалыс күндері су тасқынынан кейін жоғалып кеткен», – дейді билік.