Оның 300 мыңы – балалар
7 қазаннан бері Газа секторында өз үйін тастап кеткен палестиналық босқындар саны 1 миллионға жетті. Оның 300 мыңы – балалар. Ал израильдіктер тарапынан 500 мың адам өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі RBK-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«ХАМАС пен палестиналық исламдық топтар арасындағы жаңа әскери жағдайдың белең алуына байланысты Газа секторында өз үйін тастап кеткен босқындар саны 1 миллионға жетті», - деп хабарлады БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы.
Таяу Шығыстағы агенттіктердің мәліметінше, 352 мың босқын Газа секторының орталығы мен оңтүстігін уақытша паналап отыр.
Бейресми деректерге қарағанда, оңтүстік аймақтарда әуе шабуылының жиілеуіне байланысты көптеген босқын Газа секторының солтүстігіне қайта оралып жатыр. Қазіргі таңда оңтүстік аймақтағы жағдай ушыққан. Онда босқындар паналайтын орын тапшы әрі су мен электр жарығы жоқ.
Ал Израильде 7 қазаннан бері 500 мың адам өз үй0ін тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы і24 ЦАХАЛ-ға сілтеме жасап хабарлады. Бұл – елдің оңтүстігіндегі аудандар мен солтүстіктегі Ливанмен шекараға жақын аумақтардың тұрғындары.
ЦАХАЛ өкілі Джонатан Конрикустың мәліметінше, Израильдің орталығына жан-жақтан көп адам жиналған. Бұл жерде де зымыран атқылау қаупі болғанмен, бейбіт тұрғындар үшін негізінен қауіпсіздеу орын болып саналады.
БҰҰ-ның балалар қоры директорының міндетін атқарушы Кэтрин Расселдің сөзінше, Газа секторының босқындарының 300 мыңы – балалар.
«Соңғы күндерді есептемегеннің өзінде 11 күннің ішінде жүздеген бала қаза болды. Аурухана сияқты азаматтық инфрақұрылымдарға шабуыл жасау дұрыс емес. Мұны дерек тоқтату керек», - деді Рассел әл-Ахли ауруханасын меңзеп.
Әл-Ахли ауруханасындағы жарылыс салдарынан 800 мың адам зардап шекті. ХАМАС бұл шабуылға Израильді айыптаса, ЦАХАЛ «Исламдық жихад» тобының зымыраны екенін алға тартқан болатын.