Сотүстік Корея АҚШ-ты ядролық қаруымен қорқытты

Солтүстік Кореяға РФ СІМ басшысы барды

Sarbaz.kz редакторы
20/10/2023 - 20:31

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Корея Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Пхеньянға сапары аясында АҚШ-қа ядролық соққы жасау мәселесін айтты. Тиісті мәлімдемені KCNA агенттігі жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталмыш агенттіктің материалында Корея түбегінің оңтүстігіне АҚШ-тың B-52 стратегиялық бомбалаушысын жіберу, сондай-ақ АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония әуе күштерінің жоспарланған бірлескен жаттығулары туралы айтылады.

«Барлығы білетіндей, АҚШ-тың саясаты Еуропа мен Таяу Шығыстағы қақтығыстарға, олардың зардаптарына байланысты сәтсіздікке ұшырап жатыр. Сондай-ақ, АҚШ-тың ішкі саясаты ішкі саяси күштер арасындағы өткір қақтығыстарға байланысты толық тәртіпсіздікке айналды.

АҚШ-тың қазіргі әкімшілігінің сыртқы ықпалы мен мәртебесі державалар мен одақтастар арасында жаңа қайшылықтар мен қақтығыстарға байланысты әлі де құлдырауда.

АҚШ Корей түбегіне қайта келудің жолын іздеуге тырысады, бірақ бұл әрекеттерін жүзеге асыру мүмкін емес.

АҚШ пен Корея Республикасының «бандиттері» (ред. – Оңтүстік Корея) біздің елімізді ядролық қаруымен қорқытса, біз де жауап беруге дайынбыз», - делінген материалда.

Айта кетейік, 13 қазанда АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің өкілі Джон Кирби Солтүстік Корея Ресейге 1000-нан астам әскери жабдықтар мен оқ-дәрілерді тасымалдағанын айтты.

Yonhap мәліметтері бойынша, Путинмен кездесуден кейін Солтүстік Корея диктаторы КХДР басшылығының жоғарғы органы Еңбек партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының отырысын өткізіп, «Ресеймен қарым-қатынасты барынша тереңдету» туралы бұйрық берді.

Еске салайық, АҚШ ХАМАС-пен арадағы қақтығысқа байланысқа Израильге және Украинаға көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91