ХАМАС паналайтын орын: Газа секторының астындағы құпия туннельдер

Палестина инженерлері салған жерасты туннельдерінің ұзындығы – 500 км

Sarbaz.kz редакторы
19/10/2023 - 16:17

Фото: BBC

Фото: BBC

Газа секторының астында Палестина инженерлері салған 500 шақырым жерасты туннельдері орналасқан. Олар ХАМАС үшін баспана әрі қойма ретінде пайдаланылады. Осы жерден Израильге бірнеше рет шабуыл жасалған, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Бұл туннельдердің кіреберістері мен шығатын жақтары көбінесе тұрғын аудандарда жасырылған. Ал ХАМАС кепілге алған тұтқындар осы зындандарда қамалуы мүмкін.

2015 жылы Палестинаның «Исламдық жиһад» тобы осы туннельдерге ВВС тілшісі Квентин Соммервиллді кіргізген.

Естеріңізге салсақ, 2023 жылдың 7 қазанында Палестинаның әскерилендірілген ХАМАС тобы Израильге бұрын-соңды болмаған шабуыл жасады. Олар Газа секторының жанындағы елдімекендер мен қалаларға кіріп, жүздеген адамды өлтіріп, ондаған адамды кепілге алды.

BBC-дің мәліметінше, ХАМАС Израиль мемлекетін жоюға және оның орнында ислам мемлекетін құруға ұмтылады.

Топ 2007 жылы сайлау нәтижесінде Газа секторында билікке келді. Бірақ содан кейін саяси қарсыластарын сектордан күштеп ығыстырды. Содан бері бұл топ Израильмен бірнеше соғыс жүргізді.

ХАМАС пен олармен сыбайласқан әскерилендірілген топтар Израильге мыңдаған зымыран атқылап, көптеген рейд жасады.

Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторына әуе шабуылдарын жасап, бірнеше рет әскер жіберді. Израиль Египетпен бірге 2007 жылдан бастап сектордың шекараларын жауып тастады. Мұны олар қауіпсіздік шараларымен түсіндірді.

ХАМАС көптеген елдердің, соның ішінде Ұлыбритания, ЕО, АҚШ, Израиль, Жапония және Аустралияның террористік ұйымдарының тізіміне енгізілген.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91