ХАМАС 200-ге жуық израильдікті тұтқында ұстап отыр

Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясының өкілі (ЦАХАЛ) Даниэль Хагари мәлім етті

Sarbaz.kz редакторы
16/10/2023 - 23:16

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Израильдің елді мекендеріне жасалған шабуыл кезінде радикалды ХАМАС қозғалысының жауынгерлері кем дегенде 199 адамды тұтқындаған. Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясының өкілі (ЦАХАЛ) Даниэль Хагари мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасап.

«Әскерилер кепілге алынған 199 адамның отбасыларына жақындарының Газа секторында тұтқында екендігі туралы хабарлады», - делінген басылымда.

Хагаридің айтуынша, Израиль әскерінде кепілге алынған адамдардың орналасқан жері туралы кейбір мәліметтер бар.

7 қазан күні Газада орналасқан ХАМАС радикалды тобы Израильдің оңтүстігіне қанды шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде ЦАХАЛ ХАМАС-қа қарсы соғыс жариялады.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22