Газа секторында қақтығыстан 1200-ге жуық адам қаза болды

Израиль жағында қаза тапқандар саны 1300 адамға жетті

Sarbaz.kz редакторы
12/10/2023 - 18:28

Фото: Al Arabiya

Фото: Al Arabiya

Палестина-израиль қақтығысында қаза тапқан палестиналықтар саны 1200-ге жуықтап, тағы 5600-ге жуық адам жарақат алды. Мұндай мәліметті Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінің өкілі таратты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

11 қазанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігінің (UNRWA) Газа секторы директорының орынбасары Дженнифер Остин Газада БҰҰ-ның 11 қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады. Ол «бейбіт тұрғындардың жапа шекпеуі үшін» соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды.

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Израиль жағында қаза тапқандар саны 1300 адамға жетіп, тағы 3300-ге жуық адам жарақат алған.

Айта кетейік, қақтығыс 7 қазан күні таңертең басталған.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.96  533.03  5.22