Ай роверінің миссиясы 14 Жер күніне созылады
Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) өзінің автоматты планетааралық станциясы – Chandrayaan-3-ті (Чандраян-3) айға жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Chandrayaan-3 миссиясын 2023 жылдың 14 шілдесінде Үндістан уақыты бойынша 14.35-те (Астана уақытымен 15.05-те) Шрихарикота аралында орналасқан Сатиш Дхаван ғарыш орталығынан ұшыру жоспарланған.
Ұйымның жоспары бойынша ғарыш кемесі LVM-3 зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылады, содан кейін зонд Ай орбитасына өздігімен ұшуды бастайды.
Chandrayaan-3 станциясы үш компоненттен тұрады. Олар қону модулі, қозғалтқышы бар модуль және ай ровері. Олардың негізгі міндеті - планетааралық миссияларды жүргізу үшін қажетті технологияларды көрсету және сынау.
Аппарат Ай орбитасына шыққаннан кейін оның қондырғышы Айдың бетіне жұмсақ қонуы керек, содан кейін әртүрлі зерттеу жабдықтарымен жабдықталған ровер платформадан шығып, Жердің табиғи жер серігінің бетіне химиялық талдау жасай бастайды. Ай роверінің миссиясы 14 Жер күніне созылады.