Мексикада теракт болып, алты адам қаза тапты

Ел билігі есірткі тасылмалдаушы топтармен 2006 жылдан бері күресіп келеді

Ұлас Үсенбай
14/07/2023 - 15:12

Фото: reuters.com

Фото: reuters.com

Қайғылы оқиға Халиско штаты прокуратурасының ғимаратында болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оқиға салдарынан 6 адам көз жұмып, 12-сі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Құрбан болғандардың қатарында төртеуі – күзет қызметкері. Мексика билігі бұл жаралысты теракт деп мәлімдеді. Қазір полиция күдіктілерді іздеп жатыр. Губернатордың алдын ала болжамына сәйкес, қылмысты жергілікті қарулы топтардың бірі жасаған.

Айта кетейік, Мексика билігі есірткі тасылмалдаушы топтармен 2006 жылдан бері күресіп келеді. Содан бері түрлі оқиғалардан 30 мың адам жан тапсырған.

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07