Ресей Украина президенті кеңсесінің бұрынғы кеңесшісіне халықаралық іздеу жариялады

Биылғы мамырда Росфинмониторинг Алексей Арестовичті экстремистік қызметке немесе террорға қатысы бар адамдар мен ұйымдардың тізіміне енгізген

Sarbaz.kz редакторы
03/10/2023 - 22:59

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ресей Ішкі істер министрлігі Украина президенті кеңсесінің бұрынғы кеңесшісі Алексей Арестовичке іздеу жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.

Арестовичтің деректері бар тиісті карта министрліктің іздестіру дерекқорында сейсенбіде орналастырылған.

«1975 жылы туған украиналық Алексей Николаевич Арестович Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің бабы бойынша іздеуде», - делінген ақпаратта.

РФ ІІМ-де бұдан басқа мәліметтер көрсетілмеген.

Биылғы мамырда Росфинмониторинг Арестовичті экстремистік қызметке немесе террорға қатысы бар адамдар мен ұйымдардың тізіміне енгізген болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 483.23  534.74  5.12