Таулы Қарабақта мың армян ғана қалған – БҰҰ

БҰҰ миссиясы Таулы Қарабақтағы жағдайға баға берді

Sarbaz.kz редакторы
03/10/2023 - 20:14

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы және БҰҰ-ның Әзірбайжандағы резидент-үйлестірушісі Владанка Андреева 1 қазан күні Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аймағына барды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ миссиясының мүшелері Ханкенди қаласына барып, жергілікті тұрғындармен және ондағы басқа да адамдармен сөйлесіп, денсаулық сақтау және білім беру нысандарының жай-күйімен танысты.

«Миссия Ханкендиде аурухана, мектеп, тұрғын үй, мәдени және діни нысандарды қоса алғанда, азаматтық және қоғамдық инфрақұрылымға зиян келтірілмегенін айтты. Сонымен қатар миссия Әзірбайжан үкіметі Ханкендидегі денсаулық сақтау және басқа да тұрмыстық қызметтерді қалпына келтіруге дайындалып жатқанын байқады», - делінген ақпаратта.

Бұл ретте миссия мүшелерінің көзіне жұмыс істеп тұрған дүкендер түспеген.

Миссияның мәліметінше, жүргізілген әңгіме барысында Таулы Қарабақ аймағында қалған армяндардың саны қазіргі уақытта 1 мың адамға жуық болуы мүмкін.

«Миссия оған жергілікті тұрғындардан да, басқа әңгімелесушілерден де соңғы атысты тоқтатқаннан кейін бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылық фактілері туралы шағымдар түспегенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар миссия аймақтағы ауылшаруашылық инфрақұрылымының жойылу немесе жолда малдың өлу фактілерін байқамаған.

«Миссия жүргізген сұхбаттар қазіргі уақытта жергілікті халықтың бұл жаққа қайтып оралуға қаншалықты дайын екенін айту қиын. Сенім шараларына қажеттілік бар екені анық. Бұл үшін барлық тараптардың уақыты мен күш-жігері қажет», - делінген ақпаратта.

Миссия, сонымен қатар Армения шекарасындағы аймақта да болды. Бұл ретте миссия Арменияға қарай бет алған бірде-бір азаматтық көлікті байқамаған. Дегенмен жұмыс тобы Ханкендиде жолаушыларды Арменияға апаратын автобусты көрген.

«БҰҰ-ның Әзірбайжандағы өкілдігі аймаққа тұрақты сапарларын жалғастыруды жоспарлап отыр. БҰҰ-ның Әзірбайжандағы өкілдігі Қарабақта қалған жергілікті тұрғындарға, сондай-ақ қайтып оралғысы келетіндерге кез келген көмек көрсетуге дайын», - делінген ақпаратта.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91