Иран соты Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасаған адамды өлім жазасына кесті

Калашников автоматымен қаруланған террорист дипломатиялық миссияның қауіпсіздік бастығын өлтіріп, тағы екі адамды жаралаған

Нұрдәулет Кәкіш
02/10/2023 - 16:49

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Иранның Жоғарғы соты Ясин Гусейнзаданы 2023 жылдың қаңтарында Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасағаны үшін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Әзербайжанның мемлекеттік телеарнасы AzTV-ға сілтеме жасап.

Биылғы 27 қаңтарда Баку уақыты бойынша сағат 8:30 шамасында Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне қарулы шабуыл жасалды. Калашников автоматымен қаруланған террорист дипломатиялық миссияның қауіпсіздік бастығын өлтірді. Қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде оның тағы екі қызметкері жарақат алды.

Әзербайжан билігі ел Президенті Ильхам Әлиев террористік акт ретінде анықтаған оқиғадан кейін Тегерандағы елшіліктің барлық қызметкері мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Эвакуация 29 қаңтарда жүргізілді.

Қазіргі уақытта Әзербайжанның Табриздегі Бас консулдығы ғана жұмыс істейді.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91