Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Яғни, осы қадамы арқылы Қазақстанды халықаралық аренада заманауи технологиясы дамыған елдердің қатарынан көргісі келетіндігін аңғартты. Жалпы мұның алғышарты бұдан алдыңғы жылы-ақ жасалған болатын. Атап айтар болсақ, 2025 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» «Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі» болып қайта құрылған еді. Енді міне, Жылқы жылы түгел осы саланың дамуына арналып отыр. Әсіресе, жасанды интеллектінің мейлінше жандануына аса мән берілмек. Сондықтан оқырман назарына ұсынылатын бүгінгі материалымыз да осы жасанды интеллект жайында болмақ.
Алдымен қадап айтар жайт, Жасанды интеллект (ЖИ) бүгінгі таңда футуристік қиял болудан қалды. Елдегі экономикаға, қоғамға және қауіпсіздікке ықпал ететін нақты құралға айналып отыр. Тіпті, алдағы уақытта цифрландыру саласының дамуына тың серпін беріп қана қоймай, оны алға қарай сүйреп жүретін локомотивіне айналуы да ғажап емес. Демек, жаһандық заманауи дамуға даңғыл жол ашатын жасанды интеллект (ЖИ) жайында жасымыз да, жасамысымыз да білген абзал.
«Озық жасанды интеллект миы»
Әңгімемізді «Әлемде жасанды интеллект қай бағытта дамуда?» деген сұраққа жауап берумен жалғастырайық.
Соңғы жылдары жасанды интеллект айтарлықтай эволюциялық дамудан өтті. Алғашқыда бейне тану, аударма секілді бағытты бағындырған бұл жүйе бүгінде Әмбебап тілдік модельде (LLM) даму үдерісіне көшті. Оқырманға түсінікті болу үшін Әмбебап тілдік модельдің (LLM) қызметіне тоқталайық.
Яғни, бұл жүйенің қолданылу аясы кеңіді. Қарапайым тілмен айтқанда, LLM – озық жасанды интеллект миына айналды. LLM бүгінгі таңда түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беруге, бағдарламалық нұсқаулықтар әзірлеуге, тілдерді аударуға және тіпті жазушылар секілді эссе жазуға, шығармашылық әңгіме құрастыруға да қабілетті. Демек, оның «миында» кітаптардан, веб-сайттардан, академиялық мақалалардан және онлайн талқылаулардан алынған үлкен мәтіндік деректер жиынтығы бар деген сөз.
Ал ғылыми тілмен жеткізер болсақ:
Осындай жағдайлар жасанды интеллектінің еліміздегі көптеген салаларға дендеп енуіне жол ашып отыр.
Ел тіршілігіне дендеп еніп келеді
Қазақстанда жасанды интеллект мемлекеттік қызметтерге, медицинаға, білім беру саласына және өнеркәсіпке белсенді түрде енгізіліп келеді. Нақтырақ айтқанда, оның қызметі мыналарды қамтып отыр:
Бүгінгі таңда еліміздегі университеттер мен технопарктер ЖИ жобалары үшін арнайы мамандар даярлауда. Соның нәтижесінде жаңа стартаптар (стартап бұл бизнесті дамытудың жаңа әдісі, жолы, тәсілі) пайда болып жатыр. Осы орайда айтарымыз, сіздің де ұйымыңыз осы үдеріске белсенді қатысушылардың бірі бола алады. Бұл тұрғыда ұлттық технологиялық стратегияның маңызды элементтері болып табылатын ГИС интеграциясы мен DefenceTech бағыттары көмек көрсетуге әзір.
Уақыт үнемдеудің үлгісі
Ал енді жасанды интеллект азаматтардың өмірін және мемлекеттік қызметтерді қалай өзгертіп жатқанын нақты мысалдармен айта кетейік:
Бұл электронды қызметтер азаматтардың уақытын үнемдейді және бюрократиялық кедергілерді анағұрлым азайтады.
Қорғаныс саласындағы ЖИ және оны қолдану бағыттары
Қорғаныс саласында жасанды интеллект өте мұқият әрі бірнеше бағыт бойынша қолданылады:
Қорғаныс саласында ЖИ қолдану қатаң бақылауды, аудитті, киберқауіпсіздікті және халықаралық нормаларды сақтауды талап етеді.
ЖИ-ды қолдануға арналған қарапайым нұсқаулық
Бірінші қадам – қолданушы ретінде байқап көру.
Екінші қадам – тәжірибе арқылы үйреніңіз.
Үшінші қадам – жұмысыңызға интеграциялаңыз (жұмыс үдерістеріне енгізіңіз).
Төртінші қадам – қауіпсіздік және этика.
ЖИ-агент деген не және қарапайым агентті қалай жасауға болады?
ЖИ-агент – бұл нұсқауларды қабылдап, контексті талдап, белгілі бір тапсырмаларды орындайтын бағдарлама (мысалы, сөйлесуге арналған бот, автоматтандырылған көмекші, роботтандырылған процесс).
Қарапайым агент жасау жолы (концептуалды түрде):
Ескерте кетер жайт, агентті нөлден бастап жасаудың қажеті жоқ – дайын SDK, шаблондар және үлгілерді пайдалану әлдеқайда тиімді.
Танымал сервистерді салыстыру: ақылы, тегін және офлайн шешімдер
Ақылы бұлттық сервистер (бизнеске қолайлы):
Тегін / Freemium шешімдер:
Оффлайн / On-prem шешімдер (деректердің қорғалуын талап ететін жағдайлар үшін):
Қай бағыттарда қолдануға болады?
Тәуекелдер мен сақтық шаралары
Ұйым үшін бастауға арналған қысқа жоспар (3 қадам)
Қорыта келе айтарым, Жасанды интеллект – бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді, экономиканы және қауіпсіздік саласын түбегейлі өзгертіп жатқан қуатты құрал. Сондықтан оны дамытуда барлығымызға зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Әсіресе, жасанды интеллект жайында жан-жақты мағлұмат беру, оны өскелең жастардың бойына сіңіру аса маңызға ие. Біз бүгінгі мақаламызда да осы жағдайды ескердік. Алдағы уақытта да осы бағыттағы ақпарат аясын кеңейте түсерміз.
Нұрлан Исмағұлов,
"Қазақстан ГАЖ Орталығы" АҚ басқарма төрағасы