Ресей Украинамен шекарада ядролық қарумен әскери жаттығуын бастады

АҚШ Ресейдің бұл әрекетін сынға алды

Sarbaz.kz редакторы
22/05/2024 - 09:47

Фото: УНИАН

Фото: УНИАН

Ресей Украинамен шекаралас Оңтүстік әскери округінде стратегиялық емес ядролық қарумен әскери жаттығуларын бастады. Маневрлердің бірінші кезеңі стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау мен қолданудың тәжірибелік сынақтарын қамтиды, деп мәлімдеді РФ Қорғаныс министрлігі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік әскери округінің зымыран құрамаларының жеке құрамы «Искандер» жедел-тактикалық зымыран жүйесіне арнайы оқ-дәрі алу, зымыран тасығыштарды жабдықтау және зымыран ұшыруға дайындық кезінде белгіленген аймаққа жасырын ілгерілеу бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындауда» деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен бірге, Ресей Аэроғарыш күштерінің авиациялық бөлімшелерінің маневрлерге қатысқан жеке құрамы авиациялық қарудың арнайы оқтұмсықтарымен, оның ішінде «Кинжал» гипер дыбыстық зымырандарымен жарақтандыруды және белгіленген патрульдік аумақтарға ұшуды машықтануда, делінген хабарламада.

Мамыр айының басында Мәскеу стратегиялық емес немесе тактикалық, ядролық қарумен маневрлер жүргізуді жеке құрамның жауап беруге дайындығын сақтау қажеттілігімен, сондай-ақ Ресейге қатысты «жекелеген Батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қауіптеріне жауап ретінде» мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қамтамасыз ету қажеттілігімен негіздеді. Осы айда Беларусь тактикалық ядролық қаруды «кенеттен тексеру» туралы жариялады.

АҚШ Ресейдің мамыр айында жариялаған жаттығуларын сынға алды.

«Ірі ядролық державаның көшбасшысының мұндай қадамға баруы – жауапсыздық», - деді Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби.

Тактикалық ядролық қаруға жеткізу құралдары салыстырмалы түрде қысқа қашықтықтағы зымырандар (стратегиялық континентаралық зымырандар емес) қатарына жататын ядролық оқ-дәрілер кіреді. Стратегиялық қарудан айырмашылығы, тактикалық ядролық қарудың күші бірнеше килотонна тротилге жуық.

КСРО заманында да тактикалық ядролық қаруды қолдану арқылы жаттығулар өткізілген. Мұндай маневрлер қазіргі Ресейде ешқашан болған емес. Ресейдің Украинамен соғысы басталғалы Батыс елдері Ресей майданда сәтсіздікке ұшыраған жағдайда тактикалық ядролық қаруды қолдануы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Айта кетейік, мамыр айында Владимир Путин Ресей қорғаныс министрлігіне тактикалық ядролық қаруды дайындау мен қолдануды тәжірибелік сынақтан өткізетін оқу-жаттығуларды өткізуді тапсырған болатын. Министрлік оқу-жаттығулар «Батыстың жекелеген шенеуніктерінің Ресей Федерациясына қарсы арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоққыларына жауап ретінде» өткізілетінін айтты.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04