Атырау облысында «мектептерде атыс жасаймын» деп қорқытқан оқушы ұсталды

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды

Админ
20/04/2024 - 12:49

Polisia.kz

Polisia.kz

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің бірінің тоғызыншы сынып оқушысын анықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. 

Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабар үшін жауапкершілік барын еске салды.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04