КСРО паспортымен жүрген: зейнет жасындағы әжей алғаш рет куәлік алды

Ол зейнетақы алу үшін құжаттарын рәсімдей алмай келген

Sarbaz.kz редакторы
12/04/2024 - 17:57

Фото: Shutterstock/FOTODOM

Фото: Shutterstock/FOTODOM

Қарабалық ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру шеңберінде бір отбасыны тексеру кезінде жеке басын куәландыратын құжаты жоқ зейнеткерлік жастағы тұрғынды анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің түсіндірмесіне сәйкес, 1985 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында КСРО төлқұжатымен тұрып, зейнетақы алу үшін құжаттарын рәсімдей алмаған.

Көші-қон қызметі қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматының жаңа жеке куәлігін алуға көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге көмек көрсетіліп жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 491.71  529.97  5.05