Бітімгерлер Таяу Шығысқа бару үшін қандай дайындықтан өтті?

Алғашқы медициналық көмек көрсету, жараланған адамды қауіпсіз жерге эвакуациялау

Sarbaz.kz редакторы
06/02/2024 - 12:43

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жақын арада Қазақстан БҰҰ миссиясы шеңберіндегі міндеттерді орындау үшін өз бітімгерлерін Голан биіктеріне жібереді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін әскери қызметшілер бітімгерлік миссия барысында жеке құрамды өз міндеттерін орындауға үйрететін пәндерді, яғни теориялық және практикалық сабақтар кешенін қамтитын алты айлық бітімгерлік даярлықтан өтті.

Контингентті дайындау БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі көпұлтты операцияларда олардың тиімді интеграциясы мен жедел үйлесімділігінің ережелері мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

Қазақстандық әскери қызметшілер мынандай дайындықтан өтті:

  • Миссияда бітімгерлік міндеттерді ойдағыдай орындау үшін ағылшын тілін меңгеру;
  • Бітімгерлік базасының қорғанысы және күзеті, блокпост қызметін ұйымдастыру, патрульдеу, бейбіт тұрғындарға көмек көрсету және БҰҰ мандатына сәйкес басқа да міндеттер;
  • Бейбіт тұрғындарды қорғау, халықаралық гуманитарлық құқық, күш қолдану ережелері;
  • Алғашқы медициналық көмек көрсету, жараланған адамды қауіпсіз жерге эвакуациялау;
  • Жарылғыш заттарды және қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды тану және залалсыздандыру;
  • Бітімгерлер баратын елдің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін білу;
  • Көпұлтты ортада жүктелген міндеттерді орындау кезінде келісілген әрекеттерді пысықтау.

Айта кетейік, Қорғаныс ведомствосы басшысының міндетін атқарушы Руслан Жақсылықов Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне әскери қызметкерлер жұмылдырылатынын мәлім еткен болатын.

Бұл бітімгерлік миссияда 7 әскери әйел бар екені хабарланды.

×

Редакция

$ 524.65  552.19  5.14