БҚО-да әскерилер су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылдырылды

Бригаданың алдына қойылған міндет сәтті орындалды

Sarbaz.kz редакторы
30/01/2024 - 21:59

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Батыс Қазақстан облысындағы аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы өңірдегі су тасқынының алдын алуға практикалық көмек көрсетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аумақтық қорғаныс бригадасы, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, облыс, қала және Дерқұл ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері қатысқан су тасқынын алды алу шаралары Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің басшылығымен өтті.

Қар мен мұз еріген жағдайда су тасқынын болдырмау үшін әскери қызметшілер кірме жолдарды, арықтар мен су ағындарын тазартты.

– Жалпы біріккен күшпен үш шақырымдай жер тазартылды. Біз көктемгі кезеңде адамдардың өміріне, олардың мүлкіне және халық шаруашылығына қауіп-қатерді азайтуға тырыстық, – деді 99250 әскери бөлімінің командирі полковник Расул Закиров.

Осылайша бригаданың алдына қойылған міндет сәтті орындалды. Бөлімнің жеке құрамы тұрақты орналасу пунктіне оралды.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04