Ресей Украинаны 99 зымыранмен атқылады

Украина Қарулы Күштері (УҚК) Бас қолбасшысының айтуынша, Ресей шабуылдаған 99 зымыранның 72-сі жойылды

Админ
02/01/2024 - 23:07

Efrem Lukatsky/AP/picture alliance

Efrem Lukatsky/AP/picture alliance

2 қаңтарға қараған түні Ресей тарапы Украинанға қарсы әуе шабуылын ұйымдастырып, әртүрлі типтегі зымырандар жіберді, деп хабарлайды Sarbaz.kz bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Украина Қарулы Күштері (УҚК) Бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың мәліметінше, Х-47М2 немесе «Кинжал» атты 10 аэробалистік зымыранның барлығы, Х-101/Х-555/Х-55 атты 70 зымыранның 59-ы «Калибр» атты қанатты зымыранның 3-і атып түсірілді.

Бұған дейін Ресейден ұшырылған барлық 35 «шахид» дрондары жойылды деп хабарланған еді.

Сонымен қатар ресейліктер солтүстіктен Искандер-М/С-300/С-400 типті 12 зымыранмен шабуылдады, ал Су-35 тактикалық авиациялық ұшақтарынан радиолокацияға қарсы төрт Х-31П зымыранын ұшырды.

Украина қолбасшылығының хабарламасында осы 16 зымыранды атып түсіру туралы айтылмаған, сондықтан олар нысанаға дәл тиуі болуы мүмкін.

Тегтер

×

Редакция

$ 491.71  529.97  5.05