Үстіне диван құлаған: Ақтауда ер адам аурухана төсегінде қайтыс болды

Оқиға биыл қаңтарда болған

Биыл қаңтар айында көшеде кетіп бара жатқан адамның үстіне алтыншы қабаттан диван түсіп кеткен. Салдарынан ол сегіз айдан кейін көз жұмды. Бұл туралы марқұмның ағасы мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағасының сөзіне сүйенер болсақ, ер адам 26 тамыз күні қайтыс болды.

«Германия мен Ресейден мамандар шақыруымызға тура келді. Себебі елімізде алған жарақатының ауырлығына байланысты бірде бір дәрігер оны қабылдамады. Бармаған жеріміз қалмады», - дейді 39 жастағы марқұмның ағасы.

Айта кетейік, биыл қаңтар айында Ақтаудағы 11-шағын ауданда №41 үйден жиһаз құлап, оның ер адамның үстіне түскені хабарланған болатын. Ер кісінің мойын омыртқасы сынған. Ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған еді. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізді.

Lada.kz басылымының хабарлауынша, мамыр айында диванды лақтырған адамның кім екені ақыры анықталмаған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19