Отандық ұшқышсыз ұшатын «Шағала» аппараты таныстырылды

Ол Астанада өтіп жатқан көрмеде жұрт назарына ұсынылды

Астанада өтіп жатқан «Иннопром Қазақстан-2023» көрмесінде түрлі заманауи технологиялар жұрт назарына ұсынылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Көрмеге қойылғандардың технологиялардың арасында байланыс құралдары мен радиостанциялар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, роботты кешендер, арнайы қорғалған ноутбуктер болды.

Атап айтқанда, көрмеде «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС өндірген «Шағала-М» ҰҰА таныстырылды. Ұшқышсыз ұшу аппараты барлау мақсаттарына, іздестіру-құтқару операцияларына, байланыс және басқару құралдарына арналған.

Сонымен қатар, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС-нің түнгі көру құрылғылары, заманауи радиостанциялары мен электрондық-оптикалық жүйелері жұрт назарына ұсынылды. С.М. Киров атындағы «Зауыт» АҚ өздерінің қорғалған ноутбуктары мен планшеттерін таныстырды.

Иннопром – білім алмасу және стратегиялық серіктестіктер орнату үшін таптырмас алаң болып саналатын халықаралық көрме.

Көрменің мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу. Алаңда Қазақстан мен ТМД елдерінің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ ЕАЭО, Пәкістан, Түркия, Үндістан, Иран және т.б. елдердің жекелеген компаниялары ұсынылған.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02