Еліміздің Әскери-теңіз күштері бұрын-соңды болмаған жаңа техникамен толықты

Оның бойында 2400 аттың күші бар әрі брондалған

Еліміздің Әскери-теңіз күштері бұрын-соңды болмаған жаңа катермен толықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жаңа катерге «Қайсар» деген атау берілді. Ерекшелігі сол толықтай брондалған, оқ өтпейді, бойында шамамен 2400 аттың күші бар.

«Қайсар» жылдамдығы сағатына 45 узельмен, яғни шамамен 80-90 шақырыммен жүруге қауқарлы. Сол сияқты кез келген ыңғайсыз жағаға жеке құрамды түсіруге және оларды су бетінде тұрып қорғауға арналған. Елімізге тиесілі теңіз шекарасын бұзып өткендердің қашып құтылуына мүмкіндік бермейді. Тәртіп бұзушыларды қуып жетіп, лайықты деңгейде тойтарыс беруге күші жетеді. Елімізде мұндай деңгейдегі күшті су көлігі осыған дейін болмаған. 

Қару-жарақ кешеніне тоқталар болсақ, бұл 7,62-мм пулемёт Калашниковпен, сол сияқты 12,7 калибрлармен жарақталған», - дейді «Қайсар» катерінің командирі Мұрат Дандыбаев.

Жеке құрамда - 27 адам. 18 адам - десанттық, 6 адам - пулеметші, 3 адам - экипаж мүшесі (командир, механик, дауыл байланысшысы).

Жаңа катер автономды режимде бір тәулік жүруге қабілетті. Жанармай қоры шамамен 500 мильге дейін жетеді. 

Айта кетерлігі, «Қайсар» катері Ресей елінен жеткізілген. Дегенмен өзіміздің Оралдағы «Зенит» зауытында дәл осындай жаңартылған нұсқалары жасалып жатыр. Келер жылдары жаңа түрлері қолданысқа беріледі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19