Кассеталық оқ-дәрілер: бейбіт тұрғындарға зияны мол қару түрі

Бұл қару қақтығыс аяқталғаннан кейін ондаған жылдардан кейін де жарылуы мүмкін

Ануар Маратов

Біз өткен аптада даулы қару-жарақтың бір түрі – ақ фосфорлы оқ дәрілер туралы жазған едік. Ал бүгін ақ фосфор секілді бейбіт тұрғындарға қауіп төндіретін кассеталық оқ-дәрілердің мәселесіне тоқталып өтейік. Сонымен Sarbaz.kz кассеталық оқ-дәрілердің шығу тарихына, түрлеріне шолу жасап шықпақ.

КАССЕТАЛЫҚ ОҚ-ДӘРІ ДЕГЕН НЕ?

Кассеталық оқ-дәрі – бұл кішігірім оқ-дәрілерді лақтыратын жарылғыш әуе немесе жер үсті қаруының бір түрі. Әдетте, бұл жаяу әскер мен көлік құралдарын жоюға арналған кассеталық бомба немесе снаряд. Басқа кассеталық оқ-дәрілер ұшу-қону жолақтарын немесе электр желілерін бұзуға арналған.

Кассеталық бомбалар көптеген ұсақ оқ-дәрілерді қамтып, үлкен аумаққа тасталады. Осылайша олар қолдану кезінде де, одан кейін де бейбіт тұрғындарға қауіп төндіреді. Жарылмаған оқ-дәрілер қақтығыс аяқталғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы сақталып қалуы мүмкін. Ал оның соңы сол маңнан өтіп бара жатқан бейбіт тұрғындардың өліміне немесе олардың қатты жаралануына әкеледі. Бұл қарудың сенімсіздік деңгейі 2%-дан 40%-ға дейін немесе одан да көп.

ШЫҒУ ТАРИХЫ

Касстелақ оқ-дәрінің ең алғашқы түрінің бірі Кеңес Одағымен Финляндия арасындағы соғыс кезінде қолданылды. Олар РРАБ (Айнала шашылатын әуе бомбасы) деп аталды. Бұл бомбалар өз ішінде бірнеше кішігірім бомбадан тұрады.


РРАБ-3 ӘУЕ БОМБАСЫ

Алайда, алғашқы кассеталық бомбаның түрі ретінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған «көбелек бомбасы» деп аталған неміс SD-2 әуе бомбасы саналады. Арнайы контейнерлердің ішінде осындай ондаған кішігірім бомба болатын.


SD-2 КІШІГІРІМ ӘУЕ БОМБАСЫ

1970-1990 жылдар аралығында кассеталық оқ-дәрілер көптеген елдердің қарулы күштерінде стандартты оқ-дәрілерге айналды. Олар 34 елде өндірілген және оны кем дегенде 23 ел қолданды.

ҚҰРАСТЫРЫЛУ ЖОЛЫ

Кассеталық бомба немесе снаряд – бұл кішігірім оқ-дәрілер орналасқан және сырты қабықпен қоршалған құрылма. Қосалқы оқ-дәрілердің саны екіден бірнеше мыңға дейін барады.

Кішігірім оқ-дәрілер түріне байланысты: тұтандырғыш, жаяу әскерге, сауытталмаған және сауытталған техникаға, немесе аралас нысандарға қарсы қолдануға арналған. Ұшу кезіндегі тұрақтылық парашют немесе мата арқылы қамтамасыз етіледі.


M864 155 ММ АРТИЛЛЕРИЯЛЫҚ СНАРЯД

Мысал ретінде АҚШ өндірісінң М864 155 мм артиллерилық снарядын алайық. Оның құрамында екі түрлі 72 кішігірім оқ-дәрі бар: М42 және М46. Снарядта барлығы 48 дана М42 және 24 дана М46. Суретте көрсетілгендей, кішігірім оқ-дәрілер мата тілімі арқылы тұрақтандырылады.

КАССЕТАЛЫҚ ОҚ-ДӘРІЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Кассеталық оқ-дәрілердің қолданысы XX ғасырдың екінші жартысында кең таралды.

Вьетнам соғысы кезінде АҚШ Вьетнам, Лаос және Камбоджа елдеріндегі нысандарға әуе шабуылдарын жасау кезінде кассеталық бомбаларды қолданды. 1964-1973 жылдар аралығында Лаосқа, әсіресе Сиенг-Хуанг провинциясына тасталған 260 миллион кішігірім бомбаның 80 миллионы жарылған жоқ.


Жарылмаған кассеталық бомбаның кішігірім оқ-дәрісі. Лаос.

Вьетнам соғысы бұл тек бір ғана мысал. Кассеталық оқ-дәрілер XX-XXI ғасырда болған үлкен қақтығыстарда қолданылды.

БЕЙБІТ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАУПІ

Қарудың барлық түрі өте қауіпті. Әсіресе екі себеп бойынша бейбіт тұрғындарға ерекше қауіп төндіреді: олардың жарылу аймағы үлкен және кішігірім оқ-дәрілердің көп мөлшері жарылмай қалып қалады. Жарылмаған оқ-дәрілер қақтығыс аяқталғаннан кейін де ондаған жылдар бойы айналасына қауіп төндіреді. Мысалы, 2009 жылғы жағдай бойынша Вьетнам соғысынан қалған жарылмаған оқ-дәрілер кесірінен тек Вьетнамның Куангтри провинциясында 7000-ға жуық адам жараланды немесе өлім құшты.

Кассеталық оқ-дәрілерге көптеген адамдар мен Қызыл Крест, кассеталық оқ-дәрілер коалициясы және Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты жүздеген топ қарсы. Себебі бұл қарудан құрбан болған бейбіт тұрғындар саны өте көп.


Кассеталық бомбаның немесе снарядтың жарылмаған кішігірім оқ-дәрісі. Украина, 2022 жыл.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢНАМА

Кассеталық оқ-дәрілер халықаралық гуманитарлық құқықтың жалпы нормаларына сәйкес келеді. Бірақ 2008 жылдың желтоқсанында Кассеталық оқ-дәрілер туралы конвенцияға қол қойылғанға дейін міндетті күші бар халықаралық-құқықтық құжаттармен нақты қамтылмаған болатын.

2008 жылдың мамырында 100-ден астам ел осы қаруға жан-жақты тыйым салуды белгілейтін кассеталық оқ-дәрілер туралы конвенцияның мәтінін қолдады. Бұл келісімге 2008 жылдың 3-4 желтоқсанында Ослода 94 мемлекет қол қойды.


Веллингтон декларациясына қол қойылғаннан кейін кассеталық оқ-дәрілер туралы конвенция қабылданды

Алайда, АҚШ, Ресей, Израиль, Қытай Халық Республикасы және т.б. мемлекеттер бұл конвенцияны қабылдамады. Себебі, осы мемлекеттердің қарулы күштері кассеталық оқ-дәріні нәтижелі қару түрі деп санайды.

Қорыта келе айтар болсақ, қазір кассеталық оқ-дәрілерді Украина мен Ресей арасындағы соғыста екі тарап та кең қолданады. Ерте ме, кеш пе, бұл соғыс аяқталады. Өкініштісі, жарылмай қалып қалған оқ-дәрілер қаншама бейбіт тұрғынғы зиян келтіруі мүмкін. Кассеталық оқ-дәрілердің бейбіт тұрғындарға салдарын тек соғыс аяқталғаннан соң көруге болады. Қақтығыс аяқталғаннан кейін қарапайым тұрғындар зиянға ұшырамай, жарылмай қалған оқ-дәрілер толығымен залалсыздандырылады деп үміттенеміз.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59