Астанада бомбадан қорғанатын қанша орын бар?

Мәслихат депутаттары бомбапана мәселесін қозғады

Астана қаласының аумағында террорлық шабуылдардан, бомбадан қорғанатын қауіпсіз қанша орын бар? Жуырда осы мәселені Астана қалалық мәслихатының депутаты Қанат Ибраев ТЖ алдын алу шараларын қолдану мәселесі бойынша кезекті сессияда көтерді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол өз сөзінде ірі кәсіпорындар өзінің аумағындағы бомбапаналарға қалдық принципімен қарайтынын, ал қарапайым халық мұндай орындардың бар-жоғынан хабарсыз екенін айрықша атап өтті.

«Мен осы қалада ұзақ уақыт тұрамын, бірақ бомбадан қорғанатын орындардың қайда екенін білмеймін. Жақында Ташкентте әуежайдың маңында жарылыс болғанын естідік. Қазір әлемде болып жатқан қауіп-қатерлерді көріп отырғандықтан, бұл өзекті мәселе. Құдай сақтасын, бір жағдай бола қалса, ол жерлерге эвакуациялау туралы хабар халыққа қалай жеткізіледі? Мысалы, Жапонияда жер сілкінісі болса, әр адам өзіне жақын бомбапананың қайда екенін біледі», - деді Қанат Ибраев.

Өз кезегінде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының бірінші орынбасары Дамир Ермағамбетовтың хабарлау жүйесі бойынша қызмет көрсететін мердігер жұмысты толық істемегенін айта келе нәтижесінде қазір департамент ол мердігермен соттасып жатқанын қозғап өтті.

«Бомбапаналардың орналасқан жері бойынша нақты мәліметтер бар, бірақ оларды жария түрде айта алмаймын, жазбаша түрде бере аламын. Хабарлау жүйесі бойынша қалада 2019 жылдан бері жұмыс істеліп келеді. Бұған дейін қаржы бөлінді. Бүгінгі күні жұмысын аяқтай алмаған мердігермен сот процесі жүріп жатыр. Сондықтан қазір әуе қорғанысындағы сиренамен хабарлау жүйесі қаланың кейбір бөлігінде жоқ. Оны мойындауымыз керек. Қазір заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Ескі жұмыс аяқталмағандықтан, қала бюджетінен жаңадан қаржы ала алмаймыз», - деді ол.

Ал Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев қалада қауіпсіз жерлердің жеткілікті екенін жеткізді.

«Коммуналдық меншіктегі нысандарға қатысты, Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы қолданыстағы барлық бомбапанаға мониторинг жүргізді. Қазір 25 бомбапана жарамды екені анықталды. Олардың құжаттары әзірленіп, Азаматтарға арналған үкіметте тіркеліп, Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығына берілді», - деді Ерсін Өтебаев.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59