Ағылшын патшайымына өкшелі аяқ киім киюді үйреткен Ару Сұлтан жайлы не білеміз?

Англия патшайымының кеңесшісі болған Ару Сұлтан – Қазақтың тұңғыш дипломаты

Нұрдәулет Кәкіш

Қазақтың тұңғыш дипломаты, тарихтағы ислам өркениетінің тұңғыш өкілі, түркі әлемінің Елизавета патшайымының сарайындағы тұңғыш өкілі, яғни Англия патшайымы Елизавета Біріншінің кеңесшісі әрі өкілі болған Ару Сұлтан жайлы не білеміз? Sarbaz.kz аңыз тұлғаның өмірдерегіне тоқталып өтпек.

Жалпы, ағылшын тіліндегі деректерде Ару Сұлтан («Aru Soltana», «Aura Soltana Ippolita») туралы ақпарат бұрыннан бар. Бірақ оның қазақтан шыққаны жайлы ашып айтылмаған. Кейбір деректе татар қызы деп келтірілген. Алайда 130-дан аса картаны бір кітапқа біріктірген Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Ару Сұлтанның қазақтан шыққанын мәлім етті.  

Ол қазақтар туралы 17 жыл бойы жүргізген зерттеуінде Еуропа мен АҚШ-тағы 45 мың карта мен 300 манускрип-атласты талдаған.

«Ару Сұлтанның портреті Лондондағы әйгілі Хэмптон-Корт атты Генрих сегізінші салған сарайдың қабылдау бөлмесінде ілулі тұр. Ол анамыздың портретін елімізге алып келдім. Ару Сұлтан Англия патшайымы Елизавета біріншінің сарайында 1561 жылдары қызмет еткен қазақ аристократиясының ғана емес, түркі жұртының, мұсылман атаулының тарихындағы тұңғыш адам. Ару Сұлтан – Англия патшайымы Елизавета Біріншінің кеңесшісі әрі өкілі болды», - деді Мұхит-Ардагер Сыдықназаров сұхбаттарының бірінде.

Оның сөзінше, Ару Сұлтан өзінің білімінің, дипломатиясының, сұлулығының арқасында кеңесші болды, кейін оған патшайымның дипломаттарға деген ерекше ілтипат белгісі – ағылшын патшайымы І Елизавета «Өкіл қызым» деген бейресми атақ берді.

«Ол қазақ әйеліне тән көйлек пен шапан киген. Шапаны – қазақы геометриялық өрнектермен безендірілген. Ағылшын суретшісі оған қазақы сәукеле мен бас киім кигізіп сызған. Ару Сұлтан Хэмптон Корт Корольдік саябағындағы ағаш жанында, оң қолын ағылшын рәміздерінің бірі – король бұғысының басына қойған. Тек оның аяқ киімі қазақтың ұлттық аяқ киіміне ұқсамайды. Оның аяғына патшайымның сыйға тартқан ағылшын әйелдерінің жалпақ барқыт аяқ киімі, ол туралы ақпарат корольдік шежірелерде анық жазылған», - деп қосты ол.

Заманауи зерттеулер институты директорының мәліметінше, Ару Сұлтан 1576 жылы қайтыс болған. Оның туған жылы әзірге белгісіз көрінеді. Зерттеу жұмысына сәйкес, Ару Сұлтан 29-30 жас аралығында болған. Ол Лондонда 15 жыл тұрған.

Ағылшын дереккөздерінен алынған мәліметтерді қоспағанда, бізде Ару Сұлтанның жеке өмірі туралы дерек әлі де аз екенін айтады зерттеуші.

«Біз неге Ару Сұлтан татар, башқұрт не ноғай емес, қазақ дейміз? Олай дейтініміз, сол жылдарда – Энтони Дженкинсон келген жылдары (еске салсақ, бұл 1557-1572 жылдар) Хақназар хан тұсында Қазақ мемлекеті (1538-1580 жылдары) өркендеген еді. Қазақ ханы Хақназар (1509-1580) Қазақ мемлекетінің ішкі қақтығыстардан кейін қайта жандандырып, билігі мен ықпалы күшейді. Оның билігі кезінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатта айтарлықтай өрлеу болды. Хақназар ханның кезінде Қазақ мемлекетінің геосаяси субъективтілігі күшейе түсті. Бұл туралы көптеген тарихи деректер, соның ішінде орыс деректері жазылған. Ағылшын елшісі Энтони Дженкинсон Қазаннан Астрахань мен Сарайшық арқылы, Бұхара мен Самарқанға жасаған көптеген сапары саяси жағынан да, ағылшын елшісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан да оған қазақ билеушісі Хақназар хан ізгі ниет танытты.

Егер Дженкинсон бұл аймақта 15 жыл бойы (1557 жылдан 1572 жылға дейін) сапарлағанын ескерсек, ағылшын елшісі Хақназардың қамқорлығынсыз – барлау, сауда-саяси саяхаттары, миссияларына қол жеткізе алмас еді. Дженкинсон ағылшын-үнді саудасын ілгерілету үшін, жалпы алғанда, Қазақ мемлекетінің ұлан-ғайыр жерінен өтпей, Қазақ билеушілерінің қамқорлығынсыз Үндістанға жету мүмкін емес екенін түсінді. Кейін 1570-1572 жылдар аралығында сауда және саяси экспедицияларында Парсы арқылы Үндістанға баратын балама жол іздеді. Кейін сол Үндістанға барар бағытты көп бөгейтін, осы жолдарды бақылайтын ықпалды ел өкілдері Бірінші Елизаветаның сарайына шақырылды. Оған қазақ өкілдері де барды. Бірінші Елизаветаның өкілі Ару Сұлтан Лондонда дипломатиялық өкілдік ашуға және екіжақты Қазақстан-Еуропа байланыстарын одан әрі орнатуға және нығайтуға шақырылды. Осылайша, Ару Сұлтанның бізге этникалық және этно-конфессиялық қатыстылығы туралы мәселе логикалық тұрғыдан өз дәлел табады», - деді Мұхит-Ардагер Сыдықназаров.

Бірақ ол Хақназар хан мен Ару Сұлтанның туыстық байланысының бар-жоғы белгісіз екенін айтады.

«Тарихи деректерде Ару Сұлтан Хақназардың туысы ретінде аталмайды. Ал Хақназардың туған бауырлары (әкесі Қасым ханның балалары) Хақ-Назар, Әбілхайыр-Сұлтан және қыздары Құтлық Сұлтан-ханым, Бүлдір ханым аталған. Ханның ұлдары ретінде Мұңғатай Сұлтан, Дінмұхаммед сұлтан, Бозғыл сұлтан көрсетілген. Ағылшын архивтеріндегі, Шығыс деректері және кітапханалардағы тарихи құжаттар Ару Сұлтанның шығу тегін растайтын құжатты табуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Бұл мұрағаттарда қазақ билеушілерінің сақина мөрлерінің ізімен расталған құжаттар болуы мүмкін. Егер Ару Сұлтан қазақ мемлекетінің елшісі болған деген жорамалымыз дұрыс болса, ол қазақтардың билеуші ақсүйектерінен сенім грамоталарын алып келуге тиіс еді», - деді Заманауи зерттеулер институтының директоры.

Соңғы күндері TikTok әлеуметтік желісінде блогерлердің бірі Ару Сұлтанның тұңғыш қазақ әйел дипломаты ағылшын патшайымы Елизавета I-ге өкшелі былғарыдан жасалған аяқ киімді қалай көрсеткені туралы баяндайтын бейнежазба жариялады. Бейнежазбада блогер ағылшын патшайымына өкшелі былғары аяқ киімді Ару Сұлтан көрсеткенін айтты.

«Оған дейін барлық патшайымдар, Еуропаның барлық дворяндары табаны жоқ матадан жасалған аяқ киім киген. Суретте көріп отырған бұл қыздың аяқ киімі өкшелі болуы керек еді. Өйткені ол атқа мінуге дағдыланған. Онда сізге ыңғайлы өкшелі аяқ киім қажет. Ол патшайымға ұнайтын аяқ киімге тапсырыс берді. Қазақ әйелі ағылшын патшайымына өкшелі аяқ киім киюді үйретті. Өкшелі аяқ киім Қазақстаннан келді. Егер қазақтар мұндай аяқ киім кимеген болса, онда мен Еуропаның қазір қайда баратынын да білмеймін», - деп толықтырды блогер.

Одан кейін ол Ару Сұлтанның Лондонда жерленгені туралы қазақстандық теле бағдарламаның үзіндісін көрсетті.

Айта кетсек, Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров 2021 жылы желтоқсанда 1562 жылдан бастап 1879 жылға дейінгі кезең қамтылған карталарды жүйелеп, 1500 картаның 10 пайызын Еуроодақтың саяси-мәдени астанасы Брюссель қаласында кітап етіп басып шығарған. Ол жерде шығуына себеп бельгиялық, нидерландық картографтар Қазақ мемлекеттілігін алғашқылардың бірі болып картаға түсіргенін айтады зерттеуші.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28