Құрамында М.Әуезов, Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов болған: Алаш әскерінің құрылғанына – 105 жыл

Нұрдәулет Кәкіш

Қазақ елінің тұңғыш ұлттық Армиясы ресми түрде 1918 жылы маусым айында құрылған. Биыл Алаш әскерінің құрылғанына – 105 жыл, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Ұлттық әскеріміздің алғашқы кәсіби жетекшісі, Қорғаныс министрі, капитан Хамит Тоқтамышұлы болған.

1918 жылы маусым айында Алаш Орда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан, мүшелері Мұхамеджан Тынышбайұлы мен Халел Ғаббасұлы қол қойған Жарлық жарияланған. Жарлықта 3 адам тұратын Әскери кеңес құрылуы және облыс, уездік бөлімшелерден Алаш әскері құрылуы тапсырылған.

Алғашқы Алаш полкін жасақтау ісі Орталық Алашорда орналасқан Семей өңірінде басталды. 1918 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Семейдегі Алашорда әскерінің шағын жасағынан I Алаш атты әскер полкін құру деңгейіне жету қиын-қыстау заманға қарамастан іске асырылды.

Алғашқы қазақ отрядын бар жоғы 52 қазақ жауынгері және 21 орыс офицерлері құраған. Уақыт өткен сайын оның құрамы толығып отырған. Ол жөнінде «Свободная речь» газетінің 1918 жылғы маусым айында шыққан нөмірлерінде арнайы хабарламалар беріліп тұрған.

I Алаш атты әскер полкі қатарына 18 болыстан шақырылған 430-дан аса жауынгер жастың аты-жөні жазылған тізімі сақталған. Тізімде М.Әуезов, Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, А.Қозыбағаров, М.Тұрғанбаев, Ы.Мұстамбаев, Абайдың баласы Тұрағұл Ибрагимов те бар деседі.

Жалпы, Алаш әскерінің іс-қимылдары билікке келген большевиктерге қарсы 3 бағытта жүргізілді:

оңтүстік-шығыс бөлімі (Жетісу); шығыс бөлімі (Семей); батыс бөлімі (Орал).

Ал әскердегі қазақ полктерінің саны шамамен 12-ге жеткен.

Семей облысына қарасты 22 болыстың әрқайсысынан 30 адамнан жинау көзделді. Соның нәтижесінде 700-ден астам қазақ милициясы құрылды. «Әйелі жоқ салт жігіттерге айына 60 сом, әйелі барларға 160 сом берілген. Бәрінің киім-тамағы һәм басқа шығындары қазынадан бөлінген.

1918 жылдың 29 желтоқсанында Қостанайдағы 2-ші қазақ полкі Қоңырау станциясына (Орынбор губерниясы) бет алған, оның құрамында Елдес Омаров та болған. Алаш әскерін ұйымдастыруда Х.Ғаббасов, А.Тұрлыбаев, М.Тынышбаев, Б.Мәметов, Х.Тоқтамышев ерекшеленді.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28