«Бір жыл қызмет еткен сарбаз соғысқа жарамайды»: экс-министр ел әскерінің қазіргі жағдайы туралы айтты

Оның айтуынша қазір соғыс көрген, жауынгерлік тәжірибесі бар офицерлер іс жүзінде жоқ

Нұрдәулет Кәкіш

ҚР Қорғаныс экс-министрі (2016-2018), Генерал-полковник, Ауған соғысының ардагері Сәкен Жасұзақов қазіргі ел әскерінің жағдайы, кемшіліктері туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сәкен Жасұзақов 1981-1983 жылдары «2-ші мұсылман батальоны» деген атпен танымал 177-ші арнайы жасақтың барлау бастығы қызметін атқарған. Бөлімше түркі халықтарының, негізінен қазақ, қырғыз, өзбек ұлттары өкілдерінің жасақталуына байланысты осылай аталған. Оның тікелей командирі аты аңызға айналған Борис Төкенұлы Керімбаев – «Қара майор» болды. 177-ші жасақтың өзі Панджшер шатқалындағы Ахмад Шах Масуд бастаған ауған моджахедтерімен күрес кезінде негізгі бөлімшеге айналды.

Бұрынғы Қорғаныс министрі, әскери теоретик және оқытушы Сәкен Жасұзақов Қазақстанның қазіргі армиясында соғыс көрген жауынгерлік тәжірибесі бар әскерилер жетіспейтінін атап өтті.

«Қазір соғыс көрген жауынгерлік тәжірибесі бар офицерлер іс жүзінде жоқ. Соғыс көрген азаматтардың соңғы буынының өзі 60-тан асты. Олардың көбі бүгінде зейнетте. Әлем өзгеруде, соғыстардың сипаты өзгеруде. Заманауи тәжірибе қажет. Тіпті бітімгершілік операцияларға қатысу Қарулы Күштерді қолданудың қажетті тәжірибесін береді. Бітімгершілік қызмет – бұл әскерлер қызметінің бір бағыты және осы бағытта тәжірибе де қажет. Жауынгерлік тәжірибеге келетін болсақ, қазіргі уақытта әскери қимылдар жүргізіп жатқан елдердің тәжірибесін зерттеп-зерделеу қажет», - деді Жасұзақов.

Қазақстанның қазіргі әскери әлеуеті туралы сөз еткен Сәкен Жасұзақов армияның қаншалықты заманауи екенін ашып айтпады.

«Әскерлердің жауынгерлік дайындығына келетін болсақ, қазіргі заманғы соғыс алаңының шындығын ескеру қажет. Жоғары дәлдіктегі қаруды, әртүрлі ұшқышсыз жүйелерді және жаңа тактиканы жаппай қолдану уақытылы жауап беруді және осы тәжірибені игеруді талап етеді. Заманауи оқыту бағдарламаларын енгізу керек. Біздің армиямыз шағын. Сондықтан біз басқа армиялардың ең жақсы жағынан үлгі алып, қазіргі әлемде болып жатқан қақтығыстардан сабақ алуымыз керек, - деді Сәкен Әділханұлы.

Бұған дейін де әскери салаға қатысты қалам тербейтін генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Шыңғыс хан тұсындағы әскери өнер туралы кітап жазып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы мерзімді әскери қызметке қатысты пікірін білдірді.

«Менің ойымша, армия құрамы аралас болуы керек. Яғни келісімшартпен қызмет ететіндер де, мерзімді шақырылғандар да қатар жүруі қажет. Келісімшарт бойынша қызмет ететіндер – кәсіби мамандар. Ал жас сарбаздарға келетін болсақ, олар армияда жүріп, біраз тәжірибе жинақтауы керек. Егер резерв болмаса, онда армияны толтыратын ешкім болмайды. Біздің Қарулы Күштеріміз аз, бірақ бізде үлкен жұмылдыру резерві болуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, бір жыл қызмет еткен сарбаздар соғыса алмайды. Бұл жерде оқу-жаттығу сапасын жақсарту немесе қызмет мерзімін ұзарту мәселесі тұр», - деді Жасұзақов.

Ол Ауғанстандағы соғыс кезіндегі тәжірибені мысалға келтірді. Айтуынша, 177-ші жасақтың жеке құрамының негізгі бөлігі қарапайым сарбаздар болған. Алайда Ауғанстанға жіберілмес бұрын жауынгерлер қызмет ету мерзімінің жартысын (Кеңес армиясында 2 жыл қызмет еткен) оқу-жаттығудан өтіп, содан кейін ғана Ауғанстанға жіберілген.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРГЕ БЕЙІМДЕЛІП ЖАТЫР

Бүгін, 12:19
Админ
  • Басты назарда

Алғашқы атыс жаттығулары

Кеше, 15:17
  • Басты назарда

Балқаш қаласында батырдың ізі қалған

30/11/2024 - 15:58
  • Басты назарда

Қарағандыда батырлар аллеясы ашылды

30/11/2024 - 10:57
  • Басты назарда

Әскери тәртіп жайы қаралды

29/11/2024 - 10:52
  • Басты назарда

ТӘРБИЕШІ-ОФИЦЕРЛЕР БАСҚОСУЫ

28/11/2024 - 16:47
  • Басты назарда

Командирлік дайындық пысықталды

28/11/2024 - 14:51
  • Басты назарда

Сарбаздар өз тәжірибелерімен бөлісті

28/11/2024 - 11:46
  • Басты назарда

«Балдәурен» орталығына аттанды

28/11/2024 - 10:50
  • Басты назарда

Әскери бөліммен етене танысты

27/11/2024 - 15:44
  • Басты назарда

Біз – Жеңіс жолының жалғаушысымыз!

27/11/2024 - 13:59
  • Басты назарда

Техниканың дайындығы тексерілді

26/11/2024 - 15:53
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

26/11/2024 - 12:24