Стендтік ату: Қазақстан құрамасы үшінші алтын медаль жеңіп алды

Мергендер тағы да үздік болды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Туризм және спорт министрлігінің ақпаратына сүйенсек, «Скит» жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп – 40:35.

Азиадада еліміздің ұлттық құрамасы осымен үшінші алтын медалін жеңіп алды.

Айта кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатқан. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдегер атанды.

«Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19