Ангелина Лукас: Әкем Қазақстанның тәжік-ауған шекарасындағы алғашқы бітімгерлік миссиясына қатысқан

Ол десантшылар отбасында дүниеге келгенін айтты

Бокстан әлем чемпионы Ангелина Лукас алдағы уақытта рингке десант жейдесін киіп, көгілдір беретпен шығады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл туралы спортшы Алматыдағы десанттық-шабуылдау құрамасында өткен десантшы-сарбаздармен кездесуде мәлімдеді. Чемпион өзінің десантшылар отбасында дүниеге келгенін, атасы да, әкесі де көгілдір беретті мақтанышпен кигенін айтты.

«Әкем 35-ші гвардиялық десантшылар құрамасында қызмет етті. Ол Қазақстанның тәжік-ауған шекарасындағы алғашқы бітімгерлік миссиясына қатысқан. Өзінің қызметі туралы көп айтатын», – деді Ангелина Лукас.

Спортшы әскери бөлімге баруды көптен армандағанын айтты. 38-ші десанттық-шабуылдау құрамасының командирі подполковник Данияр Карманов бөлімге экскурсия ұйымдастырып, қонаққа әуе-десанттық кешені мен оқу сыныптарын көрсетті. Ол әртүрлі парашют жүйелерінің мақсаты туралы айтып, чемпионға парашют киіп көруге көмектесті.

Сарбаздар, әскери қызметшілердің балалары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысқан бұл кездесу мен үшін өте маңызды болды.

«28 қазанда Ыстанбұлда Чилилік Даниела Асенжомен WBC Silver атағы үшін өте жауапты жекпе-жек өтеді. Бүгінгі іс-шара мені шабыттандырып, нағыз десантшының рухын берді. Енді мен десанттық-шабуылдау әскерлері әскери қызметшілерінің қолдауын сезініп, рингке жолақ жейде мен көгілдір беретпен шығатыныма сенімдімін», – деп атап өтті әлем чемпионы.

Сонымен қатар Ангелина Лукас Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының құрамында армия спортшысы ретінде спорттық карьерасын жалғастыруды ойлайтынын айтып, болашақ жоспарларын бөлісті. Атақты спортшымен кездесу соңында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмас Жұмакеев Ангелинаға десантшының басты атрибуты саналатын көгілдір берет пен жолақты жейде сыйға тартты.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22