Ұлы дала жорығы: Маңғыстау облысының командасы жарыстан шықты

Маңғыстау облысы “Көкмойнақ” командасы жорықты жалғастырудан өз еркімен бас тартты

Админ

“Ұлы дала жорығы” марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Қызылорда облысы Шиелі ауданында өтіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Таңғы сағат 7:00-ден 8 команда кезекті 100 шақырымды бағындыруға аттанды. Маңғыстау облысы командасы аттарының шаршап қалуына байланысты старт сызығына келмеді.

Бұған дейін, 11-кезеңде Маңғыстау облысының команда капитаны жарыстан шығып қалып, “Көкмойнақта” 3 ат қалған еді. 11-кезең бойы үздік болып келген маңғыстаулықтар тәуекелге бармай, аттарын зорықтырмай, келесі жылғы марафон-бәйгеге тыңғылықты дайындауды жөн санағанын жеткізді.

11 кезең нәтижесі бойынша, Маңғыстау облысының “Көкмойнақ” командасы 18 команданы шаңына да ілестірмей келген. 1050 шақырымды артта қалдырып, финишқа 250-ақ шақырым қалғанда мұндай шешімге келуі - күтпеген жағдай болды. Аттары жорықты жалғастыруға жарап тұрса да, жорықты тоқтатуы - атақ-абырой, жеңіс пен жүлдеден аттарының амандығын алдыңғы орынға қоятынын сездірді.

Бүгінде экс-чемпиондардың орнын Қостанай облысының командасы басты.

Енді Адай жылқысының абыройы 1300 шақырымды 1 атпен бағындыруды мақсат еткен “Рекорд” командасындағы маңғыстаулық шабандоздың мойнында.

Бұдан бөлек командадан тыс 4 шабандоз белгіленген межені еңсеруге жалғыз жорытып барады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19