Charity Music Run: Алматыда өткен қайырымдылық жарысына 1,5 мың адам қатысты

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды

Алматыда 10 қыркүйек күні табиғи музыка аясында Charity Music Run IV қайырымдылық жарысы өтіп, оған 1,5 мың адам қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл жолы Charity Music Run отбасылық іс-шара ретінде ұйымдастырылды. Жүгіруден бөлек, бүкіл отбасы мүшелеріне арналған ауқымды ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Музыкалық ұжымдардың қойылымдары мен балаларға арналған анимациялық қойылымдарды қамтитын ауқымды шоу-бағдарлама ұсынылды.

Жарыс қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылды. «Charity Music Run 2023» іс-шарасының қатысушылары мен демеушілері балаларға қолдау көрсетті. Нақтырақ айтар болсақ, тіркеуден және демеушіліктен жиналған қаражат Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына қажетті медициналық жабдық сатып алу үшін жұмсалады.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапы бағалы сыйлықтар тапсырды.

«Жүгіру спортымен небәрі 8 ай ғана шұғылдандым. Басында қиын болғанымен, кейін қызығушылығым арта түсті. Charity Music Run – менің екінші жарысым, бағыма орай жеңімпаз атандым. Бұл жарысқа дайындалып, өзімнің жеке рекордымды жаңартқым келді. Ал бұл қолымнан келді. Өрге қарай жүгіру қиын болды. Қолымнан келгенше қарқынымды бәсеңдетпеуге тырыстым. Бұл жарыс өзімнің артықшылықтарым мен кемшіліктерімді білуге көмектесті», - дейді әйелдер арасындағы 5 шақырымдық қашықтықтың жеңімпазы Алсу Шамсудинова.

Жарысқа шетелдік қонақтар да қатысты. Жақында орта мектеп оқушыларымен алмасу бағдарламасы аясында АҚШ-тан Қазақстанға 17 жастағы Хантер Морган келді.

«Мен Қазақстанға арнайы бағдарлама бойынша келдім. Ол бойынша әр елден келген жоғары сынып оқушылары басқа елде тұрып, жергілікті халықтың мәдениеті мен тұрмысына еніп, тілін үйренуге мүмкіндік алады. Қазір Алматыда бір отбасының үйінде тұрамын. Бұл отбасы маған жаңа қоғамға енуге, жаңа мектепке бейімделуге және Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы көбірек білуге көмектеседі. Болашақта Қазақстандағы басқа да жарыстарға белсенді қатысып, мүмкіндігінше көп дос тапқым келеді», - деді Хантер Морган.

Charity Music Run жарысы Алматы күні мерекесін атап өту аясында Almaty Arena спорт кешенінің аумағында өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22