Қарулы күштердің спортшылары қазақ күресінде жеңіске жетті

Астанада ұлттық спорт жарыстары өтті

Админ

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде асық ату, жамбы ату, аударыспақ, бәйге, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу және тағы басқа он бір ұлттық спорт түрінен VI фестиваль өтуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақ күресіне Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жеті өкілі қатысты.

100 келі салмақта финалдық жекпе-жекте Қарулы күштердің қызметшісі Тоқтарбек Айдарбек алтын олжалады, оған есе жіберген өзінің клубтасы ефрейтор Айбек Ізтілеуов күміс алды. 

Ал 100 келіден жоғары салмақта аға лейтенант Марат Байкамуров жеңіске жетіп, алтын иеленді. Осы салмақта шыққан Қарулы күштердің қызметкері Бейбарыс Әбдіғани қола жүлде еншіледі.

60 және 90 келі салмақ дәрежелерінде Қарулы күштердің қызметкерлері Бекжан Төлепов пен Ерсұлтан Мұзаппаровтың еншілерінде қола жүлделер.

17 облыс пен жеті қаладан 1300 спортшы қатысып жатқан жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерін нәтижелі дамытып жүрген үш өңір айқындалатын болады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19