Роналду: Мессимен бәсекелестігіміз аяқталды

Криштиану Роналду 2003 жылдан бері «Алтын допқа» биыл алғаш рет ұсынылмады

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду аргентиналық Лионель Мессимен сырттай бәсекелесуі өткен шақтың еншісінде қалды деп санайды. Бұл туралы Record-қа сілтеме жасап Sarbaz.kz хабарлайды.

«Бәсекелестік келмеске кетті. Біздің өнер көрсетуіміз жанкүйер қауымға ұнады. Криштиану Роналдуды ұнататын кез келген адам Мессиді жек көрмеуі керек. Екеуі де жақсы ойыншы. Олар футбол тарихын өзгертті. Бізді бүкіл әлем құрметтейді. Ең бастысы осы. Ол өз жолымен, мен өз жолыммен жүремін. Біз мұны 15 жыл бойы дәлелдеп келеміз. Әрине, біз доспыз деп айтпаймын, бірақ біз әріптеспіз және бір-бірімізді құрметтейміз», - деді Роналду баспасөз мәслихатында.

38 жастағы Роналду қазір Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасында ойнайды. Ол – «Алтын доптың» бес дүркін иегері. Биыл бұл марапатқа 2003 жылдан бері бірінші рет ұсынылмады. Ал 36 жастағы Месси – «Алтын доптың» жеті дүркін иегері. Қазіргі уақытта «Интер Майамиде» (АҚШ) ойнайды. Қос футболшы да көптеген ұлттық және халықаралық клубтық турнирлерде жеңіске жетті. Сонымен қатар ұлттық деңгейдегі кубоктарды жеңіп алды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02