Қазақстандық сарбаздар қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогында чемпион атанды

Қорғаныс министрлігінде қоян-қолтық ұрыстың мықтыларына құрмет көрсетілді

Аян Кайырбаев

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қоян-қолтық ұрысынан Мәскеуде өткен әлем кубогында сәтті өнер көрсеткен Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Қазақстан құрамасының сапында сайысқа шықты. Бұл дүбірлі додаға 27 елден келген қоян-қолтық ұрсының шеберлері екі ереже бойынша бағын сынады.

Әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығындағы қоян-қолтық ұрыстың рөлін атап өткен генерал-полковник Руслан Жақсылықов спортшыларды беделді жарыста абыройлы өнер көрсетуімен құттықтады. 

Әскери адам үшін спорт кәсіби дайындық тұрғысынан өте маңызды, ал жекпе-жек арнайы күштердің жауынгерін батылдыққа, табандылыққа, ерік-жігерді жануға және төзімділікке тәрбиелейді, – деді Қорғаныс министрі.

Естеріңізге сала кетсек, татамидегі үш күндік жекпе-жектің қорытындысы бойынша «сайыс» ережесінде (ауыр және тұншықтыру әдісімен толық жанасатын жекпе-жек) өз салмақ дәрежесінде 20850 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сержант Жандос Мәдихиянов (57 келі) және аға сержант Арнат Нәметов (62 келі) чемпион атанды. 

Қатысушылар «өзін-өзі қорғау» техникасында әртүрлі шабуыл түрлерін көрсетіп, соның ішінде пышақ пен тапаншадан қорғау әдістерін қолданған 32039 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Нұрдәулет Ержігітов 90 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

Ресей астанасында Қазақстан Қарулы күштерінің абыройын асқақтатқан қоян-қолтық ұрыс шеберлері қорғаныс ведомствосы басшысының қолынан бағалы сыйлықтар алды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19