Армия спортшылары Париж олимпиадасына 9 жолдама иеленді

Спортшылар жолдамалар санын әлі де еселей алады

Админ

Орталық спорт клубының 20-дан астам спортшысының 2024 жылғы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігі.

Армия балуандары қатардағы жауынгер Әлімхан Сыздықов пен кіші сержант Айдос Сұлтанғали Бішкекте өткен сәуірдегі Азия чемпионатының алтынын жеңіп алып, Олимпиада квотасының иегері атанды.

Әлімхан Сыздықов 130 келі салмақ дәрежесінде шешуші белдесуде қырғыз балуаны Роман Кимнен басым түсті. Бұған дейін ол 1/4 финалда түркіменстандық Айбешазад Кураевты ұтқан болатын. Ал Айдос Сұлтанғали іріктеу жарысында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда жеңіске жетті. Шешуші кездесуде ол тайбэйлік Джу Чи Хуанмен белдесті.

Мерзімінен бұрын жеңіске жеткен Айдос Олимпиада лицензиясының иегері атанды. Осылайша, Орталық спорт клубының грек-рим күресі командасы Бішкектегі азиялық іріктеу ойындарын Олимпиаданың екі жолдамасымен аяқтады.

ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Нариман Құрбанов Дохада өткен Әлем кубогының лицензиялық кезеңінде спорттық гимнастикадан екінші орынды иеленіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды. Жерлесіміз 70 ұпай жинап, рейтингте екінші орынды иеленді. Бірінші орынды 85 ұпаймен иорданиялық спортшы жеңіп алды.

Қазіргі уақытта армия спортшыларының қоржынында 9 жолдама бар. Олимпиадада кіші сержант Сәкен Бибосынов пен Қарулы күштердің қызметкері Махмұд Сабырхан бокстан, кіші сержант Айдос Сұлтанғали мен қатардағы жауынгер Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан, Қарулы күштердің қызметкері Елена Потапенко қазіргі заманғы бессайыстан, Қарулы күштердің қызметкері Ислам Сәтбаев оқ атудан, Қарулы күштердің қызметкерлері Сомирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғали таэквондодан ел намысын қорғайтын болады.

Бүгінгі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубында спорттың 15 түрі дамыған. 180-нен астам армия спортшысы әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасында өнер көрсетеді.

2023 жылы әр түрлі халықаралық жарыстарда армия спортшылары 171 алтын, 82 күміс және 87 қола медаль жеңіп алды. 2024 жылдың басынан бастап армияшылар әлемдік жарыстардың 7 алтын, 3 күміс және 2 қола медалін иеленді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30