Қарулы күштердің XXI Спартакиадасының қысқы кезеңі қорытындыланды

Өскеменде президенттік көпсайыс жарыстары өтті

Админ

Әскери қызметшілер пневматикалық мылтық атуда, шаңғы жарысында және күштік жаттығуларда бағын сынады. Ер адамдар белтемірге тартылып, әйелдер шалқалап жатып денені көтеру жаттығуларын жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаңғы тебуге, атыс позицияларына және спорт залының алаңдарына 12 командадан құрамында әр жастағы 60-тан астам әскери қызметші шықты.  

Жарыстар спортшылардың әлеуетін ашуға, өз күшіне деген сенімділікті нығайтуға, сайыста ерік-жігер мен мінезді көрсетуге мүмкіндік береді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын. Мұндай қасиеттер сендерге спортта ғана емес, өмірде де пайдалы. Қатысушыларға күш-қайрат, табандылық пен жаңа мақсаттарға қол жеткізу жолында сәттілік тілеймін, – деді салтанатты марапаттау рәсімінде Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов. 

Жарыс қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері командалық есепте президенттік көпсайыстың чемпиондары атанды. Күміс олжа Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамасының, ал қола Құрлық әскерлері әскери институтының еншісіне тиді. 

Жеке біріншілікте 40-44 жастағы ерлер арасында сержант Берікбол Оразаев («Шығыс» ӨңҚ) үздік атанды. Екінші орында – сержант Ержан Жазылбеков (Десанттық-шабуылдау әскерлері), үшінші орында – майор Владимир Галаган (Әуе қорғанысы күштері). 

Сол сияқты 35-39 жас санатында 3-сынып сержант Евгений Нам («Оңтүстік» ӨңҚ) жеңіске жетті. Тұғырдың келесі сатыларын тиісінше 3-сыныпты сержанттар – Фарход Ризоев (Құрлық әскерлерінің әскери институты) және Марат Ибраимов («Оңтүстік» ӨңҚ) иеленді. 

Аға сержант Мейір Кутуев (Әскери полицияның бас басқармасы) 28-34 жас тобының мықтысы деп танылса, екінші орында – кіші сержант Ақпейіл Кутуев («Оңтүстік» ӨңҚ), үшінші орында – сержант Асқар Сейдахмет (Десанттық-шабуылдау әскерлері) болды. 

21-27 жас аралығында алтын медальді қатардағы жауынгер Руслан Бекешов (Десанттық-шабуылдау әскерлері) жеңіп алды. Күміс – кіші сержант Диас Еркіновке (Құрлық әскерлерінің әскери институты), қола – қатардағы жауынгер Ілияс Мырзахметовке («Астана» ӨңҚ) бұйырды. 

40-44 жас аралығындағы әйелдер арасында ефрейтор Нұргүл Айманбетова (Құрлық әскерлерінің әскери институты) жеңіске жетті. Кіші сержанттар Людмила Губарева («Астана» ӨңҚ) мен Елена Кульнева (Десанттық-шабуылдау әскерлері) күміс және қола жүлделер еншіледі. 

«Шығыс» ӨңҚ командасының жеңіске жетуіне зор үлес қосқан әйелдер арасында 35 – 39 жас санатында «алтын» олжалаған – ефрейтор Татьяна Купцова. Екінші орында 32039 әскери бөлімінің жауынгері сержант Евгения Әбдікәрімова, үшінші орында – 3-сыныпты сержант Полина Саутеева (Щучинск қ. Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледжі).

21-27 жас санатында қатардағы жауынгер Аружан Қорабекова («Оңтүстік» ӨңҚ) чемпион атағын жеңіп алды. Тұғырдың екінші сатысына ефрейтор Жұлдызай Болатбек (Әскери полицияның бас басқармасы) жайғасты. 

Сайысқа «Белсенді қатысқаны үшін» аталымымен 32039 әскери бөлімінің командасы марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22