Күрестен Қазақстан чемпионатында әскери балуандар 7 медаль жеңіп алды

Сайысқа еліміздің жиырма өңірінен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр

Админ

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында ересектер арасында грек-рим және еркін күрестен республикалық чемпионат өтуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайысқа еліміздің жиырма өңірінен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс қорытындысы бойынша Орталық спорт клубының спортшылары үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Қарулы күштердің қызметшілері Әлімхан Сыздықов 130 келіге дейінгі, Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі және ефрейтор Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейін салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Күміс жүлде Қарулы күштердің қызметшісі Мақсат Сайлауға бұйырды.

Мерзімді қызмет сарбазы Есбол Камалиев 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, Қарулы күштердің қызметшілері Ислам Умаев 97 келіге дейінгі және Диас Кален 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.

Демалыс күндері еркін күрестен ерлер мен әйелдер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер анықталады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02