Армия спортшылары әлем чемпионатында 8 медаль иеленді

Жарысқа 300-ден астам спортшы қатысты

Админ

Бұл – олардың Бакуде күрестен өткен XXXVI әлем чемпионатындағы нәтижесі, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

CISM халықаралық әскери спорт кеңесі мен Әзербайжан Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған чемпионатқа 18 елден 300-ден астам спортшы қатысты.

Грек-рим стиліндегі армия балуаны Аманғали Бекболатов 55 келі салмақ дәрежесінде Иран, Ресей, Түркия спортшыларынан басым түсті. Ол шешуші жекпе-жекте Әзербайжан балуаны Фарида Садиклиді жеңіп, әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Еркін күрестен өткен жарыс тұғырының екінші сатысына Рүстем Мырзағалиев (79 кг), Айнұр Әшімова (57 кг) және Ирина Кузнецовалар (62 кг) көтерілді. Ал қазақстандық балуандар Нұрсұлтан Азов (125 кг), Мейіржан Әшіров (70 кг), Әділ Оспанов (65 кг) және Дәулет Теміржанов (57 кг) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, жарысқа Қазақстан Қарулы күштерінің командасы еркін және грек-рим күресінен он тоғыз балуан апарған болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19